2026 жылғы 22 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында мектебімізде оқушыларды еңбекке баулу, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп ауласын тазарту бойынша сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, мектеп ауласын қоқыстан тазарту, аумақты ретке келтіру жұмыстарды атқарды. Әр сынып өздеріне бекітілген аумақтарда жауапкершілікпен еңбек етіп, ұйымшылдық пен бірліктің үлгісін көрсетті.
Мұндай игі бастамалар жас ұрпақты жауапкершілікке тәрбиелеп, туған жерге деген құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
https://www.instagram.com/reel/DXeTqefCAVu/?igsh=MW1jcXdzNWc4YmVteQ==




