ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
23
января
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұрпақ үні» жобасы бастау алды. Осы жоба шеңберінде 6-сынып оқушылары «Сен жеті атаңды білесің бе?» атты челленджді бастап, эстафетаны 7-сынып оқушыларына жолдады.

https://www.instagram.com/reel/DT2OCOjCCLb/?igsh=MWE3a2pkajRqeHg1NQ==

23
января
2026


2026 жылғы 23 қаңтарда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7-сынып оқушыларымен «Ұлттық style» жобасы бойынша шығармашылық сабақ ұйымдастырылды.
Сабақ барысында оқушылар тұлпар бейнесі бейнеленген ұлттық ою-өрнек үлгісінде брошь жасап, ұлттық өнердің мән-мағынасына терең бойлады.
Аталған сабақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырды.
Ұлттық тәрбие – жарқын болашақ кепілі! 
https://www.instagram.com/reel/DT2A-XXiJQ_/?igsh=aTFieGt5OWx2ZGsx
23
января
2026

📚⚖️ Заң және тәртіп айлығы аясында мектебімізде 9 «А» және 9 «Б» сыныптары арасында
«Адалдық және әділдік» тақырыбында танымдық викторина өтті.
Викторина барысында оқушылар өздерінің құқықтық білімдерін сынап, адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты маңызды құндылықтар жайында ой бөлісті. Белсенділік, ұйымшылдық пен достық бәсеке атмосферасы ерекше сезілді.
Осындай іс-шаралар оқушылардың заңға құрметін арттырып, әділ қоғам құруға деген көзқарасын қалыптастырады✨

https://www.instagram.com/reel/DT157CsiH20/?igsh=MThmc2V1b2x0a3poMg==

21
января
2026

2026 жылғы 21 қаңтарда «Заң және тәртіп» республикалық айлығының жоспарын іске асыру мақсатында 10-сынып оқушыларымен
«Заңның 30 секунды» челленджі ұйымдастырылды.
Аталған челлендж гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінен қабылданып,
эстафета ретінде №3 жалпы орта білім беру мектебіне жолданды. Челлендж барысында оқушылар заңның маңызын, тәртіп пен жауапкершіліктің қоғамдағы рөлін қысқа әрі мазмұнды форматта жеткізді.
Бұл бастама жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.
Заңды білу – тәртіптің бастауы,тәртіп – табыстың кепілі! 

https://www.instagram.com/reel/DTxLDUKiE9R/?igsh=OXN4cGZzZzVzZDh0

21
января
2026

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтай аясында жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы құндылыққа негізделген ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады.

Осы бағдарлама аясында әзірленген брендбук – тек көрнекілік емес, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, әділдік сияқты ұлттық құндылықтарды насихаттайтын маңызды құрал. Бірыңғай визуалдық стиль, үйлесімді түстер палитрасы мен мазмұнды дизайн элементтері мектеп кеңістігін тәрбиелік мәнге толы ортаға айналдыруда.

кару5

19
января
2026

2026 жылғы 19 қаңтар күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектепте тәрбие сағаттары өткізілді. Аталған тәрбие сағаттарында «Мектеп жарғысы – білім беру ұйымдарындағы тәртіптің негізі», «Досболайық» және «Буллингтен қорған» тақырыптары қамтылып, оқушыларға арналған қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылды.
Тәрбие сағаттары барысында оқушылар мектептегі тәртіп, сыныпта және әлеуметтік ортада өзара сыйластық қағидалары, сондай-ақ буллингтің алдын алу жолдары туралы толық ақпарат алды. Сабақ соңында оқушылардың тақырыпқа байланысты түсініктері тексеріліп, олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған практикалық кеңестер берілді. 

булл1булл4булл5

булл3булл2

19
января
2026

2026 жылғы 19 қаңтарда 10-11 сынып оқушыларына арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, «Мирас» жобасы аясында
«Тәртіпке бағынған – елге қызмет етеді» тақырыбында тәрбиелік-танымдық кездесу өтті.
Іс-шараға Шарбақты ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы, сондай-ақ «Заң және тәртіп» республикалық айлық жоспарын жүзеге асыру мақсатында
«Заң мамандықтары» тақырыбында Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығының жеке құрамымен жұмыс жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Абдулхамидов Нурлан Абдулхамидұлы қатысты.
Кездесу барысында бірінші тақырып бойынша Аязбаева Д.Қ. баяндама жасап, оқушыларға заң талаптарын сақтау, тәртіптің қоғамдағы маңызы мен азаматтық жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді.
Екінші тақырып аясында «Заң мамандықтары» бойынша мазмұнды видеоролик көрсетіліп, полиция подполковнигі Абдулхамидов Н.А. құқық қорғау саласындағы мамандықтар, полиция қызметінің ерекшелігі, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болашақта заң саласын таңдаудың маңыздылығы жөнінде түсіндірме берді.
Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң мен тәртіпке құрметпен қарауға, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етті. ‎

https://www.instagram.com/reel/DTr-x3BCAS5/?igsh=MXNscGxnMjhrNXk1dw==

15
января
2026

2026 жылғы 13 қаңтарда мектебімізде «Заң және тәртіп» республикалық айлығы аясында
3–4 сынып оқушылары арасында
«Заң және тәртіп: Біздің жауапкершілігіміз» тақырыбында танымдық квиз өткізілді.
Ойынға екі топ қатысты:
«Конституция»
«Құқық»
Оқушылар құқық, міндет, тәртіп, әділдік тақырыптары бойынша білімдерін көрсетіп, сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап берді. Балалар өз ойларын еркін жеткізіп, командамен жұмыс істеудің маңызын сезінді.
Қызықты әрі тартысты өткен сайыс нәтижесінде
4 «Б» сынып оқушылары – «Конституция» тобы жеңімпаз атанды!
Бұл шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарау мен жауапкершілікті қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Заңды білу – қауіпсіздіктің кепілі!
Тәртіп – табыстың негізі! 

https://www.instagram.com/reel/DThM56EiHrA/?igsh=MWF4M3c0cTBubTh2Zg==

© 2026. Все права защищены.