2026 жылғы 18 сәуірде «Адал жүрек» Шарбақты ауданының еріктілер қозғалысы Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні және жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акцияға қатысты.
Акцияға мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ Галкин және Шалдай ауылдық округтерінің тұрғындары қосылып, қасиетті орынды абаттандыру жұмыстарына белсене атсалысты. Ғабдул-Уахит Хазірет кесенесінің аумағы құрғақ шөп пен қоқыстан тазартылды.
Бұл жай ғана сенбілік емес — туған жерге деген сүйіспеншіліктің, тарихқа тағзымның және ерекше қуат пен киесі бар орынға деген құрметтің көрінісі.
Киелі орындарды қорғап, күтіп-баптау арқылы біз мәдени мұрамызды болашақ ұрпақ үшін сақтаймыз.
https://www.instagram.com/reel/DXRiLHFDAUR/?igsh=MTIwaDEwcWwwZXhjcQ==




