ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

2026 жылғы 15 сәуірде мектебімізде ерекше рухани әрі шығармашылық мәні зор шара – Арт студия үйірмесінің қатысушылары, 7 «А» сынып оқушысы Нұрдыбек Айшуақ пен 8 «А» сынып оқушысы Жандарбек Хакназардың жеке сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Аталған көрмеде жас суретшілердің әртүрлі жанрда салынған туындылары ұсынылды. Олардың жұмыстарынан табиғат көріністері, туған жерге деген сүйіспеншілік, ұлттық нақыш, сондай-ақ қиял мен заманауи көзқарас айқын байқалды. Әрбір сурет өзіндік идеяға құрылып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Көрме тек жоғары сынып оқушыларымен шектелмей, бастауыш сынып оқушыларына да таныстырылды. Кішкентай көрермендер суреттерді қызыға тамашалап, өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойды. Бұл олардың шығармашылыққа деген қызығушылығын оятып, өнер әлеміне алғашқы қадам жасауына ықпал етті.
Аталған шараның мақсаты – оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жас таланттарды қолдау және өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.

https://www.instagram.com/reel/DXXGE8kCBpt/?igsh=MXJ2djNqcWx4cHE4dQ==

© 2026. Все права защищены.