2026 жылғы 13 сәуірде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 1–11 сынып оқушыларына «Ғарышкерлер күні» тақырыбында тәрбие сағаттары және қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
Аталған іс-шаралардың мақсаты – оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік беру, ғарышты игерген батыр тұлғаларды дәріптеу, отансүйгіштік сезімдерін арттыру және қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру болды.
Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға ғарышкерлердің ерлігі мен еңбегі туралы бейнематериалдар көрсетіліп, танымдық әңгімелер жүргізілді. Сонымен қатар, ғарыш тақырыбында сұрақ-жауап, пікір алмасу, викториналар ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығы арттырылды.
Қауіпсіздік сабақтарында оқушыларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер, сондай-ақ мектеп пен үй жағдайындағы сақтық шаралары түсіндірілді.
https://www.instagram.com/p/DXHhYuPCFGM/?igsh=NnFkMW04djg1ZXFi




