2026 жылғы 15 сәуірде мектебімізде ерекше рухани шара – Арт студия үйірмесінің қатысушылары, 7 «А» сынып оқушысы Нұрдыбек Айшуақ пен 8 «А» сынып оқушысы Жандарбек Хакназардың жеке сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме барысында көрермендер жас суретшілердің шығармашылық жұмыстарымен танысып, олардың қиялы мен ішкі жан дүниесін бейнелейтін ерекше туындыларына куә болды. Әрбір суреттен өзіндік ой, терең мағына, көркемдік талғам мен шығармашылық ізденіс айқын көрініс тапты.
Айшуақ – сурет өнеріне ерекше қабілетімен көзге түсіп жүрген, болашағынан зор үміт күттіретін жас дарын. Ал Хакназар – қылқалам арқылы ойын шебер жеткізе білетін, шығармашылыққа құштар талантты оқушымыз.
Көрме аясында мектеп директоры Н.Жакупова жас суретшілерге жылы лебізін білдіріп, шығармашылық жетістіктері үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, өнерлі оқушыларымыз ән-шашумен құттықталып, мектеп атынан мадақтамамен марапатталды.
Осындай дарынды оқушыларымыз – мектебіміздің мақтанышы!
Жас суретшілерімізге шығармашылық табыс, шабыт пен биік белестер тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DXJkpHwCPEl/?igsh=ZTM5NnZuZ2Ftcnp2




