ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
10
октября
2025

Қарттар – біздің өміріміздің шамшырағы, шаңырағымыздың берекесі, жүрегіміздің жылуы. Бұл күн – ардақты ата-әжелерімізге алғыс айтып, олардың қадірін бағалайтын ерекше сәт.

Ата-әженің әрбір батасы – ұрпаққа жол көрсететін шамшырақ, әрбір даналық сөзі – өмір мектебі. Қарттарымыздың арқасында біз тәлім алып, дұрыс жолға түсіп, адамгершіліктің, сабырдың, мейірімнің мәнін ұғамыз.

Қымбатты ардақты қарттарымыз!
Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, ұзақ ғұмыр тілейміз. Әр күніңіз немере-шөберелеріңіздің шат күлкісіне, жақындарыңыздың ыстық ықыласына толы болсын. Жүздеріңізден нұр кетпей, жүректеріңіз әрдайым қуанышқа толсын!

Қарттарды қадірлеу – парыз, құрметтеу – міндет, бағалау – ұрпақтың асыл борышы. 

https://www.instagram.com/reel/DPRMDzqCHyz/?igsh=YnU0Y3V2dnhtZG1u

10
октября
2025

Мектебімізде 6–8 сынып оқушылары арасында “Сөз – ойдың айнасы” атты зияткерлік тілдік квиз өтті.
Мақсаты:
- оқушылардың сөздік қорын байыту;
- сөйлеу мәдениетін дамыту;
- тілдерге деген қызығушылықты арттыру;
- топтық жұмыс пен бәсекелестік рухын қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі тапсырмалар орындап, өз білімдерін, тапқырлықтары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

👏 Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! 

https://www.instagram.com/reel/DPDjPEtiJxm/?igsh=MWN0dDkwOXF2OTZhOA==

17
сентября
2025

2025-2026 оқу жылы аясында ұйымдастырылған
«Мектебім – мейірім мекені» республикалық
«Жаз – жаңа тәжірибе уақыты» атты видео-челленжге
6"Б" сынып оқушылары қатысты.

https://www.instagram.com/reel/DODnlklCCdX/?igsh=MWhydjcxODJteXQwZQ==

«Жаз – жаңа тәжірибе уақыты» атты видео-челленжге
5 "Б" сынып оқушысы Кенжебай Ақманай қатысты. 

https://www.instagram.com/reel/DODncKWiO99/?igsh=YjlhZGV0MXB2ZXo4

«Жаз – жаңа тәжірибе уақыты» атты видео-челленжге
5 "Б" сынып оқушысы Жарлы Нұралы қатысты.

https://www.instagram.com/reel/DODnEuyCN0s/?igsh=dG5neThsZTUzdWNp

«Арманым мен мақсатым» атты видео-челленжге
9 "А" сынып оқушысы Саримов Мерей қатысты. 

https://www.instagram.com/reel/DODm0JBCN2B/?igsh=MXBlZXgzZXNqNWV3Yw== 

 

17
сентября
2025

"Менің туым" облыстық жобасы аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туды көтеру рәсіміне 11 сынып оқушылары атсалысты. Ту көтеру рәсіміне облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері Оспанова Мирэль және Айдабулов Мадияр орындады.
Мақсаты:
Еліміздің мемлекеттік рәсіміздері өткен тарихымызды, мәдени мұраны, жарқын болашаққа ұмтылысты бейнелейтін, сонымен қатар отанға деген сүйіспеншілік, аброй, борыш, еліміздің болашағы үшін жауапкершілік мемлекетке құрмет сияқты жалпы адамгершілік құндылықтарды қалыптастырады.

https://www.instagram.com/p/DOfQBmziBX3/?igsh=MmJwYjE4dDZuaGYy

17
сентября
2025

2025 жылғы 5 қыркүйекте мектебіміздің 10-11-сынып оқушылары үшін "БІРТҰТАС ЕЛ - БІРТҰТАС ЖЕР" республикалық акциясы аясында ерлік сабағы өткізілді.Мақсаты:Жас ұрпақты Отанды қорғауға, үлкендерді сыйлауға, елін-жерін сүюге, аға ұрпақтың өсиетіне адал болуға тәрбиелеу.

Сабақты полковник Шадиев А. жүргізді.

https://www.instagram.com/p/DOQRcsrCLjh/?igsh=MTBnNjAwaWp2eTJmZg==

17
сентября
2025

5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ-де “Тіл турнирі” атты зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.

Тіл - ұлттың алтын қазығы, рухани өзегі. Қатысушылар тілдік білімдерін арттырып, шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.

https://www.instagram.com/reel/DON64LBiITQ/?igsh=MmJrdHNpYW94eWl2 

 

16
сентября
2025

Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Әрбір шәкірттің жүрегіне білім мен мейірім шуағы құйылып, арман-мақсатына жетер жолы ашық болсын.

2025-2026 оқу жылы барлығымыз үшін табысты, қуанышты, жемісті жыл болсын!

https://www.instagram.com/reel/DOD85hmiHA9/?igsh=dzI3eWgzeHF2N2tw

7
августа
2025

Мектебімізде 6—шы  тамыз күні Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Абайдың өсиетін жалғастырудағы  ұстаздар ролі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  Іс—шара шәй дастарханы басында өткізіліп,  Абай данамыздың өсиетін,  ұлағаттарын жалғастырудағы  ұстаздардың ұсыныстары тыңдалды.  Атап айтсақ,  Абай шығармашылығын одан әрі жандандырудағы инновациялық тәсілдер,  оқушылардың Абай дүние—танымына сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында іс—шараларды тиімді  өткізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар,  мұғалімдер Абайдың кең таралған өлеңдерінің толық нұсқаларын оқып,  мән —мағынасы туралы ой қозғады. Шараға  "Нұр —ана әлемі" ҚБ, "Даналық мектебнің"  аналары Аймереке Сматқызы мен Балшаһар Уапқызы қатысып жас ұстаздарға ақыл кеңестерін айта отырып, алғыстарын жолдады.

https://www.instagram.com/p/DNAagppI0yp/?igsh=MWR4eDdsMHR4bGplbA==

абу1

© 2026. Все права защищены.