Көктемнің алғашқы күні – 2026 жылғы 2 наурызда өткен саптық жиында өткен аптаның қорытындысы шығарылып, білім, тәрбие және қоғамдық жұмыстар бойынша жетістіктер мен кемшіліктерге талдау жасалды. Сонымен қатар алдағы аптада өткізілетін іс-шаралар жоспары таныстырылып, оқушыларға нақты міндеттер жүктелді.
Жиын барысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция қызметкері Аязбаева Д.К. құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, мектептің ішкі тәртіп ережелерін қатаң ұстану (мектеп формасын сақтау, бейәдеп сөз қолданбау, сабаққа кешікпеу, сабақ барысында ұялы телефон пайдаланбау), сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүруге болмайтындығы және жеке қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Оқушыларға заң талаптарын сақтау, жауапкершілікті сезіну және өз қауіпсіздігіне бейжай қарамау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар заң талаптары сақталмаған жағдайда ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, айыппұл салынуы мүмкін екендігі жөнінде ескерту жасалды.
https://www.instagram.com/reel/DVY8uPUiDU9/?igsh=MTRuZXQ1MjViNjdtOA==




