Бүгін біз ерекше мереке – Алғыс күнін атап өтіп отырмыз. Бұл күн – бір-бірімізге ризашылық білдіріп, жүректегі жылы сөзімізді айтуға мүмкіндік беретін маңызды күн.
Алғыс айту – кішкентай сөз сияқты көрінгенімен, оның мағынасы өте терең. Бір ауыз жылы сөз адамның көңілін көтеріп, жүрегіне қуаныш сыйлайды. Сондықтан әрдайым бір-бірімізге мейірімді болып, алғыс айтып жүрейік.
Баршаңызға денсаулық, бақыт және бірлік тілейміз!🌷
https://www.instagram.com/reel/DVYp--9jC0k/?igsh=aWxjNHhiaXNpOWdi
Алғыс айту күніне жоспарланған іс-шаралар аясында 2026 жылғы 2 наурызда мектепте арнайы безендірілген ұстаздар мен ата-аналарға арналған «Тілектер бұрышы» ұйымдастырылды.
Аталған бұрышта оқушылар жүрекжарды алғыс сөздері мен ізгі тілектерін жазып қалдырып, өз ризашылықтарын білдірді. Шараның мақсаты – үлкенге құрмет, ұстазға тағзым, ата-анаға алғыс сезімін қалыптастыру, сондай-ақ оқушылар бойындағы мейірімділік пен ізгілік құндылықтарын нығайту.
https://www.instagram.com/reel/DVY-5laCKxE/?igsh=MXZzMzk4OW52aHN1aA==




