ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

2026 жылғы 4 наурыз күні Алғыс айту мерекесімен ұштастыра және келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ауданымыз бен мектебіміздің ардақты ардагер ұстаздарымен тағылымы мол, әсерлі кездесу ұйымдастырылды.
Ақ жаулықты аналардай ардақты ұстаздарымызды мектептің домбыра оркестрі күмбірлете күй шертіп, ерекше ілтипатпен қарсы алды. Кездесу барысында оқушыларымыз әсем ән мен мың бұралған биден шашу шашып, ұстаздарға деген шынайы құрметтерін өнер арқылы білдірді.
Келелі басқосу аясында қонақтарымызға заманауи талапқа сай жабдықталған мектебімізге экскурсия жасалып, білім ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігі таныстырылды. Бұл – ұстаз еңбегінің жалғасы, олардың салған сара жолының жарқын көрінісі екені сөзсіз.
Кездесу соңында оқушылардың өз қолымен дайындалған ұлттық нақыштағы этно-брошь, шопер сөмке және телефон қоятын сәнді зат сыйға тартылып, ыстық ықылас пен алғыс белгісі ретінде ұсынылды.
Тағылымы терең, тәрбиелік мәні зор бұл кездесу ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жүректерге жылу сыйлаған ерекше сәттерге толы болды.

https://www.instagram.com/reel/DVf2o9liGt2/?igsh=czd3c203MTk5ZGJo

© 2026. Все права защищены.