ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
14
января
2026

2026 жылғы 12 қаңтарда 1–4 сынып оқушыларына қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында «Менің құқықтарым – менің жауапкершілігім» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Аталған шараны аудандық полиция бөлімінің қызметкері Аязбаева Д.К. жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беріліп, заңды сақтау – әрбір азаматтың борышы екені түсіндірілді. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігі, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолда жүру ережелері және мектептегі тәртіп нормалары жан-жақты талқыланды.
Шара соңында оқушылармен кері байланыс ұйымдастырылып, олардың не ұққаны, қандай ақпарат алғаны туралы пікір алмасу жүргізілді. Балалар өз ойларын айтып, қауіпсіздік ережелерін сақтау, бір-бірін құрметтеу және заңға бағынудың маңызын түсінгендерін жеткізді.
Бұл кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапты әрі тәртіпті азамат болып қалыптасуына ықпал етті.

https://www.instagram.com/reel/DTZ7OzTiA5y/?igsh=MWttd2R4bWF1cjM2NQ==

14
января
2026

«Заң және тәртіп» айлық жоспарын орындау мақсатында мектебімізде 5–6 сынып оқушыларына арналған біріңғай қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабаққа аудандық полиция бөлімінің қызметкері Д.Аязбаева қатысып, балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Оқушыларға түнгі уақытта сағат 22:00-дан кейін заңды өкілінсіз көшеге шықпау, құқықбұзушылық жасамау, сондай-ақ бейнебақылау камералары орнатылған жерлерде абай болу жөнінде нақты ескертулер берілді. Сабақ барысында балалар белсенділік танытып, өздерін қорғау жолдары мен қоғамдық орындардағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерін меңгерді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Мектеп қауымдастығы балаларымыздың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі.

https://www.instagram.com/reel/DTQhUATCMmC/?igsh=enlnYjlxb3Vkc2Uz 

8
января
2026

Қысқы демалыс кезінде өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 6 қаңтарда Арт-студия үйірмесіне оқушылар келіп, сурет салды. Олар өз қиялдары мен өнерге деген қызығушылықтарын көрсетті. Оқушылар қысқы демалысты шығармашылықпен әрі пайдалы өткізді. 

жиналыс3

8
января
2026

2026 жылғы 7 қаңтар күні ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналыс ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өткізілді.
Күн тәртібінде келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
Оқушылардың тәртібі мен жауапкершілігі;
2025–2026 оқу жылының I жартыжылдығындағы оқушылардың үлгерімі мен оқу сапасы.
Жиналысқа 70-ке жуық ата-ана белсенді қатысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс – бала тәрбиесіндегі басты кепіл.
Барша ата-аналарға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз! 

жиналыс1жиналыс 2

26
декабря
2025

Жаңа жыл – әр адамның жүрегіне үміт пен қуаныш сыйлайтын, жаңа бастамаларға жол ашатын ерекше мереке. Бұл мейрамда өткен жылға алғыс айтып, алдағы жылға ақ ниет, жарқын арман тілейміз. Жаңа жыл мерекесі достықты нығайтып, жақсылыққа сенім ұялатады. Әсем безендірілген шырша, көңілді ән-күй, қызықты ойындар мен жылы тілектер бұл күннің сәнін келтіреді. Баршаңызға шаттыққа толы сәттер мен көтеріңкі көңіл күй тілейміз! 

https://www.instagram.com/reel/DSsagzDiHqv/?igsh=Z3F5Y2NsaGk5ZGM3 

https://www.instagram.com/reel/DSwZl2eCE3f/?igsh=OWxtc2MydnI2OHl5

25
декабря
2025

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұрпақ үні» жобасы бастау алды. Осы жоба шеңберінде 5-сынып оқушылары «Сен жеті атаңды білесің бе?» атты челленджді бастап, эстафетаны 6-сынып оқушыларына жолдады. 

https://www.instagram.com/reel/DSmo49eiNC9/?igsh=MWhvMWZ2YTkzYXR2eA==

25
декабря
2025

«Ұлттық Style» жобасы аясында мектебімізде көркем өнер пәнінің мұғалімі Г.С. Жабайканованың жетекшілігімен шығармашылық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында домбыра, елік бейнесі және қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері негізінде шырша ойыншықтарын өз қолдарымен жасады.
Аталған жұмыс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға және эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталды. 

https://www.instagram.com/reel/DSjnjXXiPgo/?igsh=MTdtbGI5bmlqbTdnaw==

19
декабря
2025

«Жетістігімді еліме арнаймын» – білімді, еңбекті және табандылықты ел игілігіне бағыттауды мақсат ететін рухани ұстаным. Бұл ұғым әрбір азаматтың жеке жетістігін Отан дамуына үлес қосу деп түсінуін білдіреді. Өз білімімен табысқа жеткен адам сол жетістігін елінің өркендеуіне, қоғамның дамуына арнауды азаматтық парыз деп санайды. Мектебіміздің оқушылары жетістіктерін еліне арнайды. 

https://www.instagram.com/reel/DSZaRPjCLjt/?igsh=MTl3cXlnYTZmNDJ3cA==

© 2026. Все права защищены.