ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
12
декабря
2025

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес,
2025 жылғы 8 желтоқсанда 10-сынып оқушылары «Менің туым – менің мақтанышым!» атты челленджді белсенді түрде қолдады.
Челлендж барысында оқушылар мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, Туға деген ерекше ықыласын білдіріп, өз патриоттық сезімдерін жарқын кейіпте жеткізді.
Шараның негізгі мақсаты — жас буын бойында Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және Тәуелсіздіктің құндылығын терең сезіндіру.
10-сынып оқушыларының ұйымшылдығы мен белсенділігі — олардың елін сүйетін, жауапкершілігі жоғары, саналы азаматтар екенін дәлелдеді.
Челлендждің сапалы өткізілуіне үлес қосқан сынып жетекшісі Г.Сагнаеваға үлкен алғыс білдіреміз!

https://www.instagram.com/reel/DSB96FsCOZu/?igsh=ODJ1ZXJzam56cnU4

 9 “А”оқушылары «Менің туым – менің мақтанышым!» атты челленджді белсенді түрде қолдады.
Челлендж барысында оқушылар мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, Туға деген ерекше ықыласын білдіріп, өз патриоттық сезімдерін жарқын кейіпте жеткізді.
Шараның негізгі мақсаты — жас буын бойында Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және Тәуелсіздіктің құндылығын терең сезіндіру.
9 «А» сынып оқушыларының ұйымшылдығы мен белсенділігі — олардың елін сүйетін, жауапкершілігі жоғары, саналы азаматтар екенін дәлелдеді.
Челлендждің сапалы өткізілуіне үлес қосқан сынып жетекшісі А.Есімхановаға үлкен алғыс білдіреміз! 

https://www.instagram.com/reel/DSB9_4yiDkE/?igsh=ZzM0eXFnbHk0Y2tl

 

12
декабря
2025

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, 2025 жылғы 8 желтоқсанда мектебіміздің барлық сыныптарында
“Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл”
тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Оқушылар атақты қолбасшының ерлігі, қайсар мінезі, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі туралы деректермен танысып, оның өмір жолынан тағылымды сабақ алды. Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетіне қосқан мұрасы, батырлық тұлғасы мен өнегелі өсиеттері кеңінен талқыланды.
Шараның мақсаты – жас ұрпақ бойында елжандылықты, батырлықты, табандылықты қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

https://www.instagram.com/p/DSB9t_ZiMlU/?igsh=MXUxN205eHJ5ZXZrbA==

12
декабря
2025

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» акциясы аясында 5–6 сынып оқушылары «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» ұранымен флешмоб ұйымдастырды. Шараның мақсаты – оқушылардың адам құқықтары туралы түсінігін кеңейту, өзара құрмет пен сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, сондай-ақ кез келген зорлық түріне қарсы тұруға тәрбиелеу болды.
Флешмоб барысында оқушылар бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдайтын ортақ позицияларын білдіріп, белсенділік танытты. Іс-шара оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, мектеп қауымдастығына зорлық-зомбылыққа қарсы бірлік идеясын жеткізді. 

https://www.instagram.com/reel/DR-FT6MiKCn/?igsh=MXB5MHliNjVndGFqMQ==

12
декабря
2025

Еріктілер айына орай «Дармарка» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар бір—біріне құрал—жабдықтарды тарту етті.
Шараның басты мақсаты – қоғамға пайдалы іс жасау, мейірімділік пен жанашырлықты дәріптеу, ерікті болудың маңызын түсіндіру. Акцияға белсене қатысқан еріктілер жақсылық жасау арқылы бірлік пен адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.

https://www.instagram.com/reel/DR398r7CMzR/?igsh=MXZoaWt2Zm5pbDN2cg==

12
декабря
2025

Қамқорлық жобасы аясында мектепте «Мейірімді жүрек» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты оқушылардың бір—біріне деген қолдау көрсету, оқушылар арасында жанашырлық, мейірімділік пен ізгі істерге деген ықыласты арттыру. Іс-шара барысында оқушылар бір—біріне оқу құрал жабдықтарын табыстады.
Бұл игі шара жастарды адамгершілікке, қамқорлық пен қайырымдылыққа баулып, қоғамға пайда келтірудің маңызын көрсетті. «Мейірімді жүрек» акциясы – мейірімнен туындаған ізгі істің жарқын көрінісі.
Акцияға қатысушылар. 4”а” сыныбы және 6”б” сыныптары.

https://www.instagram.com/reel/DR30C8oCODv/?igsh=YWFyZnhmbjBpYjk3 

 

4
декабря
2025

Қамқорлық жобасы аясында.
Біздің мектептің еріктілер тобы жалғыз тұратын қарт кісінің үйіне барып, тұрмыстық көмегін көрсетті. Ауласын қардан тазартып берді. Қариямен әңгімелесіп, көңілін көтеріп қайттық.
Мақсаты:
Қарт адамдарға қамқорлық көрсету, әлеуметтік қолдау білдіру және қоғамда мейірімділік пен жауапкершілік құндылықтарын дамыту.

https://www.instagram.com/reel/DR1n6-wiHM4/?igsh=dnM5Y3BhZWVpNGc1

2
декабря
2025

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған “Адал жүректі еріктілер жасағы” жобасы бойынша 9 «Б» сынып оқушылары өз бастамалары арқылы «Алғыс айту» тапсырмасын үлкен жауапкершілікпен орындады.
Оқушылар бұл игі шара барысында мектептің әрбір ұстазына жүрекжарды жылы лебіздері мен шынайы алғыстарын білдіріп, мейірім мен ізгілікке толы атмосфера қалыптастырды. Олар ұстаздардың еңбегін құрметтеп, адамгершілік пен риясыз алғыс айту мәдениетін көрсете білді.
Осындай қайырымды істе белсенділік танытып, ұйымшылдық көрсеткен 9 «Б» сынып оқушыларына және оқушылардың бастамасын қолдап, дұрыс бағыт-бағдар беріп отырған сынып жетекшісі Тұмар Маралұлына зор алғысымызды білдіреміз!Бұл шара оқушылардың бойында жауапкершілік, сыйластық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етті. 

https://www.instagram.com/reel/DRv3czLCFgB/?igsh=MWQ0Y3JtZWZrY21wbg==

2
декабря
2025

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында барлық сыныптарда «Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Сабақтардың мақсаты – жас ұрпақтың денсаулық мәдениетін қалыптастыру, дұрыс өмір салтын насихаттау және Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні шеңберінде оқушылардың аурудың алдын алу жөніндегі білімдерін арттыру.
Сонымен қатар қауіпсіздік сабақтары «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» акциясы аясында өткізілді. «Зорлық-зомбылықтың түрлері және оларды тану» тақырыбында өткен сабақтарда оқушыларға зорлық-зомбылықтың белгілері, өз қауіпсіздігін сақтау жолдары мен көмек сұрау механизмдері түсіндірілді. Бұл іс-шаралар балалардың құқықтық сауаттылығын көтеріп, өзіне және өзгеге құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. 

https://www.instagram.com/p/DRunByuCDNC/?igsh=MWllOWR0OTF4eGxqbw==

© 2026. Все права защищены.