ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
3
июня
2025

Бүгін, 27 мамыр күні мектебімізде ерекше шара өтті – оқушылардың өз ойларын ашық айтуға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Тақырып: «Біз қандай мектепті қалаймыз?»
Балалар:
- өз мектебіндегі жақсы тұстарды атап өтті,
- өзгеріс қажет жерлерді айтты,
- нақты ұсыныстар берді.

Шараға білім бөлімі өкілдері, мұғалімдер, ата-аналар және жергілікті белсенділер қатысты.
Балалар өздерін сенімді және маңызды сезінді.

Баланың үні – болашақтың дауысы!

https://www.instagram.com/reel/DKJ7Xyaolv4/?igsh=a3RhaDBwYTNmcHox

26
мая
2025

2025 жылы  22 - мамыр  күні  4 «Б» және 4 «А» сыныптарында  "Бастауышым - балбұлағым" атты  қоштасу  кеші өтт. Мақсаты: білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу.Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

сан5

 

26
мая
2025

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 1—11 сыныптарда "Білімім —Отаныма" атты сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын,  ой — өрісін, дүние — танымын кеңейту,  іскерлік қасиеттерін дамыту.  Оқушылардың бойына ұлттық мәдени құндылықтарды,  мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету. Туған елін, жерін, Отанын құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.

сан2сан3сан4

26
мая
2025

           2025 жылы  23 - мамыр  күні  "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбындағы  мектеп  бітірушілерге  арналған  салтанатты жиын  өткізілді.  Салтанатты  жиынның  мақсаты: оқушыларды  ұстаздарды  құрметтеуге,  ұшқан  ұясына  қамқор  болуға, алған  білімдерін пайдалана  алуына, әрбір  істің  нәтижесін  қорытындылай  білуге, адал  азамат  болуға  тәрбиелеу.

сан1 

 

8
мая
2025

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Ұлы Жеңістің 80 жылдығына" орай 7—8 сынып оқушыларына "Уақыт арқылы есте сақтау тарихты" атты тақырыптық сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен халық қаһармандарының есімдерін есте сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

80жыл4 80жыл5

8
мая
2025

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Ұлы Жеңістің 80 жылдығына" орай 1—11 сынып оқушыларына " Бейбіт күнде бақытты өмір сүреміз " атты тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен халық қаһармандарының есімдерін есте сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Отанын қорғай білуге,  елін сүйе білуге тәрбиелеу.

80 жыл280жыл3

6
мая
2025

2025 жылдың 6 мамырда мектебімізде Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіс діңгегі» атты гүл егу шарасы өтті. Бұл шараның мақсаты – оқушыларды Отан тарихына деген құрметке, бейбіт өмірдің қадірін білуге тәрбиелеу. Балалар өз қолдарымен мектеп ауласын гүлдендіріп, ардагерлерге деген алғыстары мен ризашылықтарын білдірді. Жас ұрпақтың осындай игі істері арқылы Жеңістің рухы мен маңыздылығы ұмытылмай, келер буынның жүрегінде сақталады. Гүлзарға егілген әр гүл – бейбітшілік пен батырлықтың символы іспеттес. Шараға мектеп мұғалімдері мен ата-аналар да қолдау көрсетіп, барлығы бірігіп жарқын естелікке айналған күнді өткізді.

гули

6
мая
2025

"Біртұтас  тәрбие"  бағдарламасы  аясында  6 - мамыр "Отан  қорғаушылар" күні және "Ұлы Жеңістің  80 жылдығы" қарсаңында  мектеп  оқушылары мен ұстаздарымен  салтанатты  саптық өткізілді. Салтанатты  саптықта  еліміздің  туы  көтеріліп,  әнұран  орындалды. Мақсаты: оқушылардың  бойына  Отанға деген  сүйіспеншілікті  арттыра отырып, өз елінің патриоты бола  білуге тәрбиелеу.

сап

 

© 2026. Все права защищены.