ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
5
июня
2025

🔹 Бұл шара "Таза Қазақстан" ұлттық бастамасы мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды.
🔹 Акцияның мақсаты – қоршаған ортаға ұқыпты қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғау идеяларын насихаттау.
🔹 Балалар экологиялық ойлау қабілетін дамытып, табиғатты сүю мен қорғаудың маңыздылығын түсінді.

Болашақ – біздің қолымызда! 🌱

https://www.instagram.com/p/DKhMGENtZDK/?igsh=eXhibHllcHN0YzNn

пар

 

5
июня
2025

"Экология және туризм" бағытындағы бейіндік лагері аясында “Киелі өлке”, “Шамшырақ”, “Enjoy English” отрядтарының қатысушылары өлкеміздің қасиетті жерлерінің бірі – Ғабдул-Уахит Хазірет кесенесіне танымдық экскурсияға барды.
Оқушылар тарихи деректермен танысып, рухани тәрбие мен елге деген сүйіспеншілікті бойына сіңірді. Әр бала өз туған өлкесіндегі киелі орындарды тануға тиіс!
🌳 Сонымен қатар балалар “Орман батыры” атанған алып ағашты көріп, естелік суреттерге түсті.

хаз

5
июня
2025

Бүгінгі күн “Жаншуақ” жазғы лагерінде Мемлекеттік Әнұранды шырқаудан басталды. Балаларымыз туымызды, елтаңбамызды, әнұранымызды қастерлеуді, елін сүюді, тарихын тануды үйренуде.
Отансүйгіштікке бағытталған тәрбиелік іс-шарада балалар МТЖО “Радуга” ұйымдастырған бағдарламаға белсенді қатысты.

https://www.instagram.com/reel/DKemktXo_hd/?igsh=dGwzcG1sbzljaXJ3

рәм

4-маусым күні жазғы демалыс лагері шеңберінде “Шаттық алаңы” жобасы аясында балаларды психологиялық қолдау жобасының жоспарына сәйкес «Қарым-қатынасты нығайту» тренинг күні ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттырып,есте сақтау қабілетін дамыту,қиялдарын жетілдіру.Баланы қуана білуге,өз айналасындағы жағымды істерді қабылдай білуге үйрету.Ойын жаттығулары арқылы білімдерін дамыту.
Балаларға бұл күні “Кел,ойнайық”, “Шапалақты тыңда” ойындары ойнатылды.

https://www.instagram.com/reel/DKgVengNuY1/?igsh=MWl4NmRrOXdqa2tybw==

3
июня
2025

2-мамыр күні жазғы демалыс лагері  шеңберінде «Шаттық алаңы» балаларды психологиялық қолдау жобасының жоспарына сәйкес «Өзін-өзі таныту» күні ұйымдастырылды. 

Мақсаты: 1.Үйірме балаларының өзіндік бағасын дамытып, өзіне сенімділігін арттыру, әркімнің өзінің қабілеттері мен өзі туралы ақпарат бере алуға дағдыландыру. Шығармашылыққа, креативтілікке ұмтылдыру

Балаларға бұл күні «Мен кіммін?», «Менің құпия кодым», «Мен саяхатқа кеттім» тағы басқа тренингтер мен ойындар ойнатылып, «Жаз-2025» тақырыбына топтық сурет салып, өз көңіл-күйлерін жаз элементтерімен бейнеледі. Кездесу соңында балаларға тәтті шырындар мен балмұздақ берілді.

пит

3
июня
2025

Жаздың шуақты күндерімен бірге мектеп жанындағы "Жаншуақ" лагері де өз жұмысын бастады.
Мақсаты: "Жаншуақ" лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт - дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік-патриоттық сезімін арттыру.

https://www.instagram.com/reel/DKZjGqGI33x/?igsh=MXdxcTFmeHJmaXkzNQ== 

жаз

3
июня
2025

1-маусым-халықаралық балаларды қорғау күніне арналған “Қазақстан балалары” іс-шараларын өткізу тұжырымдамасын іске асыру барысында тарих пәні мұғалімі Абдугалиева А.А. “Баланың заңды құқықтары мен міндеттері” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 

https://www.instagram.com/p/DKRRIlaInfn/?igsh=dWl4aGNpbW42Mncy

3
июня
2025

1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Шоколадты балалық шақ» атты театрландырылған бағдарлама өтті. Балалар үшін түрлі ойындар, қызықты белсенділіктер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Шара бойы қуаныш пен күлкіге толы мерекелік көңіл-күй орнады.

Барлық балаларды және ата-аналарын осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Балалық шақ жарқын, бақытты және уайымсыз болсын, әр күніңіз шаттық пен жаңа ашылымдарға толы болсын!

https://www.instagram.com/reel/DKZHyCqoizO/?igsh=bmsyZHkyYXplN3Jh

 

3
июня
2025

22-мамыр күні «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы негізінде оқушылармен табиғат аясында демалыс ұйымдастырылды. Балалар ашық ауадағы демалыстарын тазалық жұмыстарынан бастады. Басқа да түрлі көңіл сергітер ойындар ойнатылды. Сонымен қатар саптық жиын ұйымдастырылып, «Сен Жеңімпазсың!» деген тақырыпта «Инабат» және «Мирас» клубының оқушылары алдын ала дайындап әкелген әрбір адамға тән қасиеттер туралы айтып берді. Мектеп психологі Смайлова А.С. оқушылардың өмірге позитивті көзқарасын арттыру мақсатында әр адамның бұл өмірде жеңімпаз болып, өзіндік қолтаңба қалдыруға әркімнің мүмкіндігі мол екендігін айтып қорытындылады: «Әрбір адамның осы дүниеге аман-есен келуінің өзі бақыт! Сондықтан да дүниеге келген күннен бастап әрбір адам-Жеңімпаз! Ал дүниеге келген Жеңімпаздың өмірді қалай болса солай солай сүруіне себеп бар ма? Жоқ! Еш себеп жоқ! Әдетте Жеңімпаз өз бағасын білетін, өзін-өзі сыйлайтын тұлға. Ал, сондай өзін-өзі сыйлайтын, керемет тұлға болу үшін жаңағы өздерің айтқан қандай қасиеттер мен әрекеттер керек екен!»

https://www.instagram.com/reel/DKL4hNgN3yr/?igsh=MXdyOTFvNnA5MWFyMg==

© 2026. Все права защищены.