ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
6
августа
2025

2025 жылдың 5— тамызы күні мектебімізде Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған "Ұрпақтың ұлы дастаны"  атты әдеби — музыкалық кеш ұйымдастырылды. 

Шараның мақсаты:  Оқушылармен қазақтың ұлы ақыны,  философы, композиторы, атақты ойшыл,  қоғам қайраткері,  қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысының шығармашылық өзектілігі жөнінде ой қозғау болды. Әдеби- музыкалық кешке арнайы Шарбақты аудандық " Аманат" партиясының атқарушы хатшысы Жанабаев Алмас Темирболатович және " Нұр-Аналар әлемі " Қоғамдық бірлестігінің мүшесі, ардагер ұстаз Балшакар Уәпқызы арнайы қатысты. Шара барысында мектеп оқушылары  Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып,  әндерін нақышына келтіре орындап,  қара сөздерін оқи отырып өз бойларына рухани білім алды. 

https://www.instagram.com/reel/DM98h6_I4tf/?igsh=MXFuc3lkNXEwcHRuMA==

абай1

куантай

абай 3

абай 4

18
июня
2025

Бүгін оқушыларымыз Павлодар қалалық кітапханасына барып, ағылшын әдебиеті бөлімімен танысты. Балалар шет тіліндегі кітаптармен еркін жұмыс істеп, өз білім көкжиегін кеңейтті.

Сонымен қатар, олар American Corner Pavlodar-да болып, ағылшын тілін үйренуге арналған ресурстармен және интерактивті мүмкіндіктермен танысты. 🌍📖

Оқушылардың білімге деген қызығушылығы қуантады! 💡

https://www.instagram.com/p/DLCqZMZodo5/?igsh=MWtsMnEzOGw2NzN5Yw==

 

18
июня
2025

“Мамандықтар күні” - бұл балаларды түрлі кәсіптермен таныстыруға, олардың қиялын дамытып, болашаққа қызығушылықтарын оятуға бағытталған танымдық әрі қызықты іс-шара. Бұл жаста балалар нақты мамандық таңдауға дайын болмаса да, олардың еңбекке, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыру маңызды.

_*Мақсаты:*_
>Балаларды түрлі мамандықтармен таныстыру;
>Еңбекке құрмет сезімін қалыптастыру;
>Қиял мен шығармашылықты дамыту;
>Қоғамда әр маманның рөлін түсіндіру.

мам

18
июня
2025

Мамандық күні – мақсаты:
Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру, олардың маңыздылығын ұғындыру, еңбекке деген құрмет пен қызығушылықты арттыру. Өз болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру.
Балдаурен тобынан Пародия: "Мұғалімнің бір күні"

https://www.instagram.com/reel/DLCa2bbtKqV/?igsh=bzYzazBpd2s0NWR4

18
июня
2025

Павлодар қаласына сапарды ұйымдастырған тарих жанашыры,ежелгіні сақтаушы-Абдугалиева Айнаш Айтбайқызы.

Иә, ұлттық рухымыздың бір тармағы — ата-баба мұраларынан сыр шертетін, олардың қалдырған өнегесін кейінгі ұрпаққа танытар ол – музейлер екені анық. Бұл киелі орындар – халқымыздың жүріп өткен жолының, дәстүрінің, рухани болмысының тірі куәсі.

Бүгінгі таңда халқымыздың ұлттық санасы оянып, тарихи құндылықтарға деген қызығушылығы артуда. Музейлер – тарихи құндылықтардың көзіне айналған баға жетпес рухани байлық. Оны танып-білу – әр азаматтың парызы.

Мақсатымыз – ұрпақтың санасына өткеннің өнегесін, бабалар рухын сіңіріп, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті арттыру.

https://www.instagram.com/reel/DLAHmuioHp7/?igsh=MTkxZTNxN2tuODBlbg==

18
июня
2025

Бүгін балалар керемет бір әлемге- "Құндылықтар әлеміне" саяхат жасады.Бұл әлемде адамдар бір-бірін құрметтейді, көмектеседі, мейрімділікпен достық басым болады.

Мақсаты: Оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру; Жақсылық жасауға, достықты бағалауға тәрбиелеу; Бір-біріне көмектесуге, мейірімді болуға, күнделікті өмірде қолдануға,бағалауға және құрметтеуге үйрету.

Осындай керемет іс-шара өткізгені үшін аудандық кітапханаға алғыс білдіреміз.

https://www.instagram.com/reel/DLAHFBCIOda/?igsh=MXN5MHZhdG52eDJvaQ==

18
июня
2025

Еңбек күні
Мақсаты: «Еңбек, адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, ерінбей еңбек етуге, еңбектің адамның табиғи қажеті екендігін ұғындыру. Еңбек сүйгіштікке, еңбек адамын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
- еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;

Көрнекілігі: мамандыққа байланысты суреттер, түрлі-түсті карандаштар, балалардың ойлауын қызығушылығын арттыратын дамытушы ойындар, бөлме гүлдері, су құйылған ыдыстар.
Ұйымдастыру кезеңі.

1. Мақал-мәтелдерді сәйкестендіріп, жалғасын табу
2. Мамандыққа байланысты суреттерді бояу
3. Балалардың ойлауын қызығушылығын арттыратын дамытушы ойындар ойнау
4. Мектептегі гүлдерімізді суғару 

https://www.instagram.com/reel/DK9gVG-oynU/?igsh=ZTZkNXp6aGV3MXgz

 

18
июня
2025

«Өнер алды – қызыл тіл» демекші, бейіндік «SөzLab» үйірмесінің жас ізденушілері жақында тағылымы мол, танымдық сапарға аттанып, Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ драма театрына барды. Бұл игі бастаманы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахад Әмина жүзеге асырды.

Театр – тәрбие мектебі, рухани жаңғырудың ордасы. Осы орайда балалар көркем сөздің құдіретіне қанығып, тіл мәдениеті мен сөйлеу өнерінің қыр-сырына бойлады. «Тіл – адам жанының айнасы» десек, оқушылар сахна төрінен сол жанның терең иірімдерін тануға мүмкіндік алды.

Сапар барысында балалар сөйлеу мәнері, сөз қолдану шеберлігі, актерлік шеберлік пен сахналық тіл туралы тың ақпараттарға қанығып, театр әлемінің тыныс-тіршілігімен танысты. «Көпті көрген көмбенің көзі ашық» демекші, кәсіби мамандармен жүздесіп, сөз өнерінің шынайы құндылығын жүрекпен сезінді.

Мұндай тағылымды кездесулер оқушылардың тек тілдік қабілетін дамытып қоймай, ұлттық рух пен мәдени мұраға деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз. «Білгенге маржан, білмеске арзан» демекші, «SөzLab» үйірмесінің бұл сапары балалардың білім көкжиегін кеңейтіп, тілге деген құрметін нығайтты.

Биылғы бейіндік лагерь аясында ұйымдастырылған оқушылардың саяхат сапарлары сәтті өтуіне КХ «Алишев», ТОО «Болашақ» (Сейтахметов Қ.Т.),
ИП Жусупов (Жусупов Азамат, маг. «Рахмет»), Шарбақты ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры К. Кулумбенов, КХ «Назарали» (Азаматов Нұржан Қанатұлы), Шарбақты ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі бастығы полиция майоры Павел Өзгеріс , «Нұраналар әлемі» ҚБ демеушілік көрсетті.
Осындай үлкен қолдау білдірген азаматтарға шексіз алғысымызды білдіреміз!

https://www.instagram.com/reel/DK9Z9lQIvxz/?igsh=b3lvb3dqdml5YWUw

 

© 2026. Все права защищены.