2026 жылғы 16 ақпанда мектептің барлық сыныптарында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында дайындалған бейнероликтер тәрбие сағаттарында көрсетіліп, мазмұны жан-жақты түсіндірілді.
Тәрбие жұмысы барысында өмірден алынған бірнеше бейнероликтер мүмкіндігінше көбірек қамтылып көрсетілді. Бұл материалдар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және болашақта түрлі зиянды әрекеттер мен теріс әдеттерге әуестеніп кетуінің алдын алуға бағытталды.
Атап айтқанда, бейнероликтерде лудомания (құмар ойындарға тәуелділік), дропперлік әрекеттер, қаржылық пирамида, интернет-алаяқтық сияқты өзекті мәселелер кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға аталған құқықбұзушылық түрлерінің салдары, заң алдындағы жауапкершілігі және сақтану жолдары туралы нақты ақпарат берілді.
Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушыларды заңды құрметтеуге, қаржылық және цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, саналы әрі жауапты азамат болуға тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/p/DU1xAXXCBIh/?igsh=dzgzaGJtdWdmeXN6




