5 және 10-сынып оқушылары Болатжан Меруерт пен Жұмажан Жангелді “Абай және мен” челленджіне қатысып, Абайдың қарасөздері туралы ой тағылымдарымен бөлісті.
Алтыншы қара сөздің астарында “Егер адамдықтан азып, кісілік қасиеттен жұрдай болсаң, сенің қай жерің адам? Қалай адам болып өмір сүрмексің?” деген сұрақтар жатады. Оны түзетуге итермелейді, оны болдырмауға шақырады. Өз кемшілігін адамға білдіреді. Кемшілігін білген адамның ақылды адам екенін айтады.
Абайдың 15-қара сөзі - адамның ішкі дүниесі, орынсыз күлкі, мақтаншақтық және жастық шақтағы қайратты пайдалану туралы терең ой толғау. Абай қайғыдан арылуды орынсыз күлкіден емес, орынды әрекеттен, ғылым мен еңбектен іздеу керектігін айтып, бос өмір сүрмеуге, өнер үйренуге шақырады.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі - қазақтың бойтұмары!
https://www.instagram.com/reel/DU-uWxmCBNO/?igsh=MWZ2ejBmanp5NHpycQ==




