«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, «Ұлттық stуle» жобасы аясында мектебіміздің оқушылары ерекше шығармашылық жұмыс жасап, өз қолдарымен телефондарына арналған этно-брелоктар дайындады.
Бұл жоба арқылы оқушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақы ою-өрнек элементтерін заманауи стильмен үйлестіре білді. Әрбір брелок – ұлттық нақыш пен жасампаз қиялдың үйлесімі.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру және қолөнерге қызығушылығын дамыту.
Ұлттық рухты ұлықтайтын осындай бастамалар жалғасын таба берсін!
https://www.instagram.com/reel/DVOA0gXCCTV/?igsh=MTd6Z3dkZ2RqdDlseQ==




