2026 жылғы 13 ақпанда аудандық орталық кітапханасы әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Ауған соғысының эхосы. Жүректегі естелік» тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.
Аталған шараға мектебіміздің 9-сынып оқушылары қатысып, патриоттық және рухани-тәрбиелік маңызы зор кездесудің куәсі болды. Кездесу барысында ардагерлер ауған жеріндегі әскери қызмет кезіндегі бастарынан өткен қиындықтар мен естен кетпес оқиғалар туралы әсерлі әңгімелерін баяндап берді.
Оқушылар ардагерлердің әңгімелерін үлкен қызығушылықпен тыңдап, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты әрі тағылымды жауаптар алды. Шара жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын арттырып, ел тарихына деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DUsrPg8CDTa/?igsh=MXQ4aTZ2Mm01cmR6cw==




