Мектебімізде “Абай Құнанбайұлының өлеңдеріндегі адамгершілік сабақтары» атты челлендж ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар Абай Құнанбайұлы шығармашылығынан бір өлеңді таңдап, мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, өлең мазмұнын талдап, одан алынған тәрбиелік мәні зор адамгершілік қағидаларды насихаттап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Челлендждің мақсаты – оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарды түсінуін тереңдету, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және көркем сөз оқу мәдениетін дамыту.
https://www.instagram.com/p/DU-v0nxiA3u/?igsh=d2hhMDZhazA5eHFm




