ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
23
января
2026

📚⚖️ Заң және тәртіп айлығы аясында мектебімізде 9 «А» және 9 «Б» сыныптары арасында
«Адалдық және әділдік» тақырыбында танымдық викторина өтті.
Викторина барысында оқушылар өздерінің құқықтық білімдерін сынап, адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты маңызды құндылықтар жайында ой бөлісті. Белсенділік, ұйымшылдық пен достық бәсеке атмосферасы ерекше сезілді.
Осындай іс-шаралар оқушылардың заңға құрметін арттырып, әділ қоғам құруға деген көзқарасын қалыптастырады✨

https://www.instagram.com/reel/DT157CsiH20/?igsh=MThmc2V1b2x0a3poMg==

21
января
2026

2026 жылғы 21 қаңтарда «Заң және тәртіп» республикалық айлығының жоспарын іске асыру мақсатында 10-сынып оқушыларымен
«Заңның 30 секунды» челленджі ұйымдастырылды.
Аталған челлендж гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінен қабылданып,
эстафета ретінде №3 жалпы орта білім беру мектебіне жолданды. Челлендж барысында оқушылар заңның маңызын, тәртіп пен жауапкершіліктің қоғамдағы рөлін қысқа әрі мазмұнды форматта жеткізді.
Бұл бастама жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.
Заңды білу – тәртіптің бастауы,тәртіп – табыстың кепілі! 

https://www.instagram.com/reel/DTxLDUKiE9R/?igsh=OXN4cGZzZzVzZDh0

21
января
2026

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтай аясында жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы құндылыққа негізделген ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады.

Осы бағдарлама аясында әзірленген брендбук – тек көрнекілік емес, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, әділдік сияқты ұлттық құндылықтарды насихаттайтын маңызды құрал. Бірыңғай визуалдық стиль, үйлесімді түстер палитрасы мен мазмұнды дизайн элементтері мектеп кеңістігін тәрбиелік мәнге толы ортаға айналдыруда.

кару5

19
января
2026

2026 жылғы 19 қаңтар күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектепте тәрбие сағаттары өткізілді. Аталған тәрбие сағаттарында «Мектеп жарғысы – білім беру ұйымдарындағы тәртіптің негізі», «Досболайық» және «Буллингтен қорған» тақырыптары қамтылып, оқушыларға арналған қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылды.
Тәрбие сағаттары барысында оқушылар мектептегі тәртіп, сыныпта және әлеуметтік ортада өзара сыйластық қағидалары, сондай-ақ буллингтің алдын алу жолдары туралы толық ақпарат алды. Сабақ соңында оқушылардың тақырыпқа байланысты түсініктері тексеріліп, олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған практикалық кеңестер берілді. 

булл1булл4булл5

булл3булл2

19
января
2026

2026 жылғы 19 қаңтарда 10-11 сынып оқушыларына арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, «Мирас» жобасы аясында
«Тәртіпке бағынған – елге қызмет етеді» тақырыбында тәрбиелік-танымдық кездесу өтті.
Іс-шараға Шарбақты ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы, сондай-ақ «Заң және тәртіп» республикалық айлық жоспарын жүзеге асыру мақсатында
«Заң мамандықтары» тақырыбында Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығының жеке құрамымен жұмыс жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Абдулхамидов Нурлан Абдулхамидұлы қатысты.
Кездесу барысында бірінші тақырып бойынша Аязбаева Д.Қ. баяндама жасап, оқушыларға заң талаптарын сақтау, тәртіптің қоғамдағы маңызы мен азаматтық жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді.
Екінші тақырып аясында «Заң мамандықтары» бойынша мазмұнды видеоролик көрсетіліп, полиция подполковнигі Абдулхамидов Н.А. құқық қорғау саласындағы мамандықтар, полиция қызметінің ерекшелігі, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болашақта заң саласын таңдаудың маңыздылығы жөнінде түсіндірме берді.
Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң мен тәртіпке құрметпен қарауға, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етті. ‎

https://www.instagram.com/reel/DTr-x3BCAS5/?igsh=MXNscGxnMjhrNXk1dw==

15
января
2026

2026 жылғы 13 қаңтарда мектебімізде «Заң және тәртіп» республикалық айлығы аясында
3–4 сынып оқушылары арасында
«Заң және тәртіп: Біздің жауапкершілігіміз» тақырыбында танымдық квиз өткізілді.
Ойынға екі топ қатысты:
«Конституция»
«Құқық»
Оқушылар құқық, міндет, тәртіп, әділдік тақырыптары бойынша білімдерін көрсетіп, сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап берді. Балалар өз ойларын еркін жеткізіп, командамен жұмыс істеудің маңызын сезінді.
Қызықты әрі тартысты өткен сайыс нәтижесінде
4 «Б» сынып оқушылары – «Конституция» тобы жеңімпаз атанды!
Бұл шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарау мен жауапкершілікті қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Заңды білу – қауіпсіздіктің кепілі!
Тәртіп – табыстың негізі! 

https://www.instagram.com/reel/DThM56EiHrA/?igsh=MWF4M3c0cTBubTh2Zg==

14
января
2026

2026 жылғы 12 қаңтарда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 5–11 сынып оқушыларына «Құқықтық мемлекет» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Ал 1–4 сынып оқушылары үшін «Үйрен жақсы әдептен…» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар барлық сыныптарда «Өз құқығыңды қорғай біл» тақырыбында қауіпсіздік сабақтары өтті.
Сабақтар барысында оқушыларға құқықтық мемлекет ұғымы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, әдептілік пен тәртіп сақтау, сондай-ақ өз қауіпсіздігін қорғау жолдары түсіндірілді. Түрлі өмірлік жағдаяттар арқылы заңды сақтау, бір-бірін құрметтеу және жауапкершілікке бейімделу мәселелері талқыланды.
Аталған іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, тәртіп мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіз, сыйластыққа негізделген орта құруға бағытталды. 

https://www.instagram.com/p/DTaW8PbiIhg/?igsh=Mnl2MmNzMXM2ajZk

14
января
2026

2026 жылғы 9 қаңтарда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Заң және тәртіп» республикалық айлығы аясында
«Қаржылық жауапкершілік» тақырыбы бойынша 1–11 сынып оқушыларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.
Оқушыларға:ақшаны дұрыс пайдалану,жеке қаржыны жоспарлау,қаржылық жауапкершілік пен адалдықтың маңызы түсіндірілді.
Сонымен қатар ата-аналарға чат арқылы ақпарат беріліп, баланың қаржылық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасының рөлі атап өтілді.
Бұл шара оқушылардың қаржылық мәдениетін арттырып, болашақта саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына бағытталды.

https://www.instagram.com/p/DTaVz0NCOWC/?igsh=OXZnMnVjbDN2YWk=

ит10

ит11

© 2026. Все права защищены.