2026 жылдың 9 ақпанында аудандық орталық кітапхана әкімшілігінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, сыршыл лирик Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Мұқағали — мәңгілік поэзия» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Аталған тағылымды шараға мектебіміздің 7, 9, 10-сынып оқушылары тыңдарман ретінде қатысып, рухани әсер алып қайтты.
Кеш барысында оқушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен танысып, оның жүрекке жетер жырларын тыңдады. Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндер орындалып, ақын поэзиясының терең мағынасы мен тәрбиелік мәні кеңінен насихатталды.
Шара оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, туған тілге, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін нығайта түсті.
Мұқағали поэзиясы — жүректерде, оның сөзі — мәңгі!
https://www.instagram.com/reel/DUiYuCTiO6u/?igsh=eTBycGZscmQ1ZnF1




