2026 жылғы 22 қаңтарда «Заң және тәртіп» жоспарына сәйкес Арт студия жетекшісі Г.С. Жабайканованың жетекшілігімен үйірме қатысушылары арасында «Заң балалар көзімен» тақырыбында сурет салу іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар заң, құқық, әділдік пен тәртіп ұғымдарын өз қиялдары арқылы бейнелеп, салған жұмыстарын таныстырып, өз ой-пікірлерімен ортаға салды. Бұл шығармашылық жұмыс балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға деген құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DUiJBjNiEbh/?igsh=cHlkZWRzaG5iNWww




