Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында 1–11 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаттары өткізілді. Бастауыш сыныптарда «Мен өз құқығымды білемін», ал орта буын сыныптарында «Заңды білу – өз құқығыңды қорғау» тақырыптары қамтылды.
Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және заңды құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.





