ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
8
апреля
2026

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» тақырыбында жалпы республикалық бірыңғай сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – білім алушылар арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, денсаулық сақтаудың алдын алу шараларын насихаттау, сондай-ақ оқушылардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайтуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Бірыңғай сабақ барысында оқушыларға салауатты өмір салтының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда:
Күнделікті қозғалыс белсенділігінің адам ағзасына тигізетін пайдасы, денсаулықты нығайтудағы маңызы
Дұрыс және теңгерімді тамақтану қағидалары, пайдалы және зиянды тағамдар туралы мәліметтер
Спортпен жүйелі түрде айналысудың денсаулыққа, тұлғалық дамуға және өмір сапасына оң әсері
Сонымен қатар, оқушылар арасында денсаулықты сақтаудың қарапайым да тиімді жолдары, зиянды әдеттерден аулақ болу, жеке бас гигиенасын сақтау және дұрыс күн тәртібін қалыптастыру жөнінде кеңестер берілді. Сабақ барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, белсенділік танытты.
Іс-шара мектептің мәжіліс залында өткізіліп, барлық сынып оқушылары толық қамтылды. Бұл бірыңғай сабақ оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын оятты.
Салауатты ұрпақ – ел болашағы!

https://www.instagram.com/reel/DW1m8mAiFmW/?igsh=MW91bnFoanc3am03Yw==

 

7
апреля
2026

2026 жылғы 6 сәуірде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында барлық сыныптарда «7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні» тақырыбы бойынша тәрбие сағаттары және қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
Аталған іс-шаралардың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіру, денсаулықты сақтау мен нығайтудың жолдарын насихаттау, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, зиянды әдеттердің алдын алу, дене белсенділігінің пайдасы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қауіпсіздік сабақтарында жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, тұрмыстық қауіпсіздік және мектептегі қауіпсіздік талаптары туралы ақпараттар берілді.
Сабақтар барысында оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, тақырып бойынша пікір алмасты. Іс-шаралар сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес өткізілді.

https://www.instagram.com/p/DWzMX5GDpgO/?img_index=2&igsh=MXNwdWJpdjYwbmUzbw==

денсаулық1денсаулық2

денсаулық3

 

 

6
апреля
2026

2026 жылғы 4 сәуірде Шарбақты ауданының полиция бөлімінде 2011 жылы Тараз қаласында аса қауіпті лаңкесті ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовты еске алуға арналған тағылымы мол патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл маңызды шараға демалыс күніне қарамастан, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді жоғары қоятын мектебіміздің оқушылары белсене қатысты.
Іс-шара барысында Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы А.С. Ешмағамбетов сөз сөйлеп, Ғазиз Әбдібекұлының ел тыныштығы жолында жасаған ерлігі туралы тебірене баяндап берді. Ол қылмыскердің қолындағы гранатаны бейбіт тұрғындарға қарай лақтыруына жол бермей, өз өмірін қатерге тігіп, гранатаны өз денесімен жауып, ерлікпен қаза тапқан. Бұл – нағыз батырлық пен елге деген адалдықтың, антқа беріктіктің жарқын үлгісі. Осындай теңдессіз ерлігі үшін оған «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілген. Батырдың ерлігі – бүгінгі жас ұрпаққа үлгі, елін, жерін сүюдің, Отан алдындағы парызды адал атқарудың айқын көрінісі.
Іс-шараның келесі бөлімінде полиция қызметкері Нұрлан Абдулхамитұлы бөлім ішінде экскурсия жүргізді. Оқушылар құқық бұзған тұлғалар уақытша ұсталатын орынды көріп, полиция қызметінің қыр-сырымен танысты. Сонымен қатар ауданда орнатылған бейнебақылау камералары бақыланатын Жедел басқару орталығында болып, аудан көлеміндегі қауіпсіздікті сақтау жұмыстарының қалай жүргізілетінін өз көздерімен көрді. Бұл орталық арқылы көшелер мен түрлі мекемелер тәулік бойы бақылауда болатыны түсіндірілді.
Аталған іс-шара оқушыларға үлкен әсер қалдырды. Олар ел тыныштығын күзеткен батыр ағамыздың ерлігімен танысып, патриоттық рух алып, Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екенін түсінді. Осындай тағылымы мол кездесулер жас ұрпақтың бойында елжандылық, батырлық, жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыруға зор ықпал етеді.

https://www.instagram.com/reel/DWycQ8lCKn-/?igsh=MXBoZ202OGxwYWNnYw==

6
апреля
2026

«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында мектебімізде «Тәртіп – тәрбие бастауы» тақырыбында оқушылар арасында кішігірім сұхбат ұйымдастырылды. Сұхбатты 9 «Б» сынып оқушысы, мектебіміздің мақтанышы, жауапкершілігі мол, белсенді оқушыларымыздың бірі Ергенқызы Жансұлу жүргізді.
Сұхбат барысында оқушыларға тәртіп, сабаққа кешікпеу, үзіліс кезіндегі қауіпсіздік, сабақтағы тәртіп, үлкендермен сәлемдесу мәдениеті, мектеп ережелерін сақтау және мектеп формасын сақтау туралы сұрақтар қойылды. Оқушылар өз ойларын ашық айтып, тәртіп – әр адамның тәрбиесі мен мәдениетінің айнасы екенін жеткізді. Сонымен қатар, оқушылар мектептегі тәртіпті жақсарту, сабаққа кешікпеу, мектеп формасын сақтау туралы өз ұсыныстарын айтып, пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мектептегі тәртіп ережелерін сақтауға шақыру, жауапкершілік пен сыйластық қасиеттерін қалыптастыру.
Тәртіп бар жерде – тәрбие бар,
Тәрбие бар жерде – білім бар,
Білім бар жерде – болашақ бар!

https://www.instagram.com/reel/DWwcgX6iN8I/?igsh=eHJnMWxzc3VjZ2ty

3
апреля
2026

Біздің мектепте білім алушылар арасында құқықтық мәдениет пен заңға бағынатын мінез-құлықтың тұрақты ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталған «Заң және тәртіп» жобасына жүйелеу енгізілді. Бұл өзгеріс кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және жобаны біртіндеп кеңейту мақсатында жүзеге асырылуда.
Жоба аясында прокуратура және полицияның отставкадағы қызметкерлері қосымша тәрбиелік сабақтар өткізеді. Осыған байланысты біздің мектепке Шарбақты ауданының полиция бөлімінің отставкадағы майоры Азамат Төлегенұлы Джанаев тәлімгер ретінде бекітілді.
Сабақтардың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі құрметтеу және өзгелерге сыйластықты дамыту. Сонымен қатар, сабақ барысында девиантты мінез-құлықтың алдын алу, қауіпсіз және қолдаушы оқу ортасын қалыптастыру қарастырылған.
Сабақтар интерактивті түрде өтеді: ойындар, пікірталастар, кейс-талқылаулар арқылы оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінеді, бір-біріне сыйластық көрсетуді үйренеді және өз болашағына жауапкершілікпен қарайды.
Жобаны іске асыру аясында бірлескен жұмыс жоспарына қол қойылып, негізгі тақырыптар айқындалды және сабақтарды өткізу күндері бекітілді. Бұл тәрбие мен профилактикалық қызметті жүйелі және дәйекті түрде құруға мүмкіндік береді.
Мұндай сабақтар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, жасөспірімдердің заң нормаларына саналы көзқарасын қалыптастыруға, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге және жауапты мінез-құлыққа ұмтылуға ықпал етеді. 

https://www.instagram.com/p/DWoAb4LiOt4/?igsh=MXRjdjZjcTh2NzVl

3
апреля
2026

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, 2026 жылғы 1 сәуір күні «Қазіргі заманның батырлары» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараның мақсаты – оқушыларға ел қорғау қызметінің маңызын түсіндіру, отансүйгіштік сезімдерін арттыру және құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру болды.
Осы мақсатта Шарбақты ауданындағы «Дархан» шекара бөліміне 10–11 сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар шекара қызметкерлерінің күнделікті атқаратын жұмыстары, олардың жауапкершілігі мен қызмет ерекшеліктері туралы толық мәлімет алды. Сонымен қатар, шекарашылар пайдаланатын арнайы құрал-жабдықтар мен қару-жарақ түрлерімен танысты.
Іс-шараның ерекше қызықты бөлігі – қызметтік иттердің жұмысы болды. Оқушылар шекарада тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында арнайы дайындықтан өткен иттердің қызметін көріп, олардың шеберлігіне куә болды.
Бұл экскурсия оқушылардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырып, ел тыныштығын күзететін мамандықтарға деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар, жас ұрпақтың бойында патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға өз үлесін қосты.

https://www.instagram.com/reel/DWnGC81CMe-/?igsh=MXJmemk2emgwdm85cw==

3
апреля
2026

Бүгін ауылымызда жасөспірімдер арасында экологиялық плоггинг өтті 🌱

Іс-шара барысында қатысушылар орталық саябақты қыс мезгілінде жиналып қалған тұрмыстық қоқыстан тазартты. Жастар туған жердің тазалығына өз үлестерін қосып, қоршаған ортаға деген жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Осындай игі бастамалар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, ортақ іске біріктіреді.

https://www.instagram.com/reel/DWjFmukDASn/?igsh=MXV2Nmhxamt2dmlwbQ==

31
марта
2026

2026 жылғы 30 наурызда 9–10 сынып оқушыларына аудандық саясат және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Әділ Райымбектің қатысуымен «Діни экстремизм, терроризм және радикализм» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға діни экстремизм, терроризм және радикализм ұғымдары туралы түсінік беру, олардың қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру, сондай-ақ жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтандыру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру болды.
Дөңгелек үстел барысында маман оқушыларға экстремизм, терроризм және радикализмнің пайда болу себептері, оның қауіптілігі мен салдары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы таралатын теріс діни ағымдардан сақ болу, күмәнді ақпараттарға сенбеу, бейтаныс адамдармен діни тақырыпта байланысқа түспеу керектігі туралы айтылды.
Шараның соңында оқушыларға бейбітшілік пен тұрақтылық – еліміздің басты құндылығы екені, әр азамат еліміздің қауіпсіздігі мен бірлігіне үлес қосуы тиіс екені түсіндірілді.
Өткізілген дөңгелек үстелдің тәрбиелік маңызы зор болды.

https://www.instagram.com/reel/DWhFgS8iPTC/?igsh=MXdpbW55bDYxY3FlcQ==

© 2026. Все права защищены.