ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
4
июня
2026

2026 жылғы 1 маусым күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Жаз–2026» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бейіндік лагерь өз жұмысын бастады. Жоспарға сәйкес жауапты педагогтер түрлі бағыттағы іс-шараларды ұйымдастырып өткізді.
Атап айтқанда, «Қамқор» жобасы аясында «Волонтерлік акция» тақырыбында іс-шара өткізіліп, жауапты педагог Шаку З. оқушыларды қайырымдылыққа, қамқорлық көрсетуге және белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу бағытында жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар, «Жақсы әңгімелер театры» бағыты бойынша «Мәтелдер мен ертегілерді сахналау» тақырыбында Камелева Ж.М. балалармен шығармашылық жұмыс ұйымдастырды. Оқушылар ертегі кейіпкерлерін сомдап, мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін сахналық қойылым арқылы көрсетті.
«IT-шеберхана» жобасы аясында Макишева С.Е. командалық ойындар өткізіп, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ұйымшылдықтарын және цифрлық сауаттылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізді.
Өткізілген іс-шаралар барысында оқушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты. Бейіндік лагерьдің алғашқы күні көтеріңкі көңіл күй мен пайдалы жұмыстарға толы болды.

https://www.instagram.com/reel/DZC_HKRogr1/?igsh=MXN0djczeG9rc3hqdg==

4
июня
2026

Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда аталып өтеді. Бұл мереке балалардың құқықтарын қорғауға, олардың денсаулығы, қауіпсіздігі, білімі мен әл-ауқатына қоғам назарын аударуға арналған.Мақсаты
Балалардың құқықтарын қорғау;
Сапалы білім алуына жағдай жасау;
Денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың, қанаудың және кемсітушіліктің алдын алу;
Бақытты әрі қауіпсіз балалық шақтың маңызын насихаттау.Мектебімізде балаларға арналған мерекелік концерттер, спорттық жарыс ұйымдастырылады.«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлық балаларға зор денсаулық, шаттыққа толы балалық шақ, бақыт пен жарқын болашақ тілейміз!»

https://www.instagram.com/reel/DZCnXBKO2f9/?igsh=aHhoZXZmNTBjMGxj

4
июня
2026

2026 жылғы 25 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» және «Білімім – Отаныма» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың Конституция туралы білімін тереңдету, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң мен тәртіп қағидаттарын құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ азаматтық жауапкершілікті арттыру.
Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға отансүйгіштік, бірлік пен татулық, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ білім, ғылым және инновацияның маңызын түсіндіру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар қауіпсіздік ережелері (жол, судағы және интернет қауіпсіздігі), «Таза Қазақстан» бастамасы, демалысты тиімді жоспарлау, қосымша білім беру ұйымдарына қатысу, еңбектің маңызы және кітап оқу мәдениеті тақырыптары қамтылды.
Оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

сас2 сас3

https://www.instagram.com/p/DY5_HIwiO7z/?igsh=MWFkYW1mb20xcGcyeQ==

4
июня
2026

2026 жылғы 25 мамыр күні мектебімізде оқу жылының аяқталуына арналған дәстүрлі «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.
Мерекелік шараға қадірлі қонақтар, ардагер ұстаздар, ата-аналар, педагогтер мен оқушылар қатысып, түлектерге ақ жол тілеп, ізгі лебіздерін білдірді.
Салтанатты жиында бастауыш сыныптың оқу озаттары марапатталды. Жыл бойы білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек еткен ұстаздарға алғыс айтылып, мектеп өміріндегі жарқын сәттер еске алынды.
Биылғы мектеп түлектері үшін бұл күн – балалықпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан ерекше әрі толғанысты сәт болды. Олардың жүрекжарды әндері, әсерлі билері мен ұстаздарға арналған ыстық лебіздері мерекенің көркін аша түсті.
«Соңғы қоңырау» — тек оқу жылының аяқталуы ғана емес, жаңа белестерге бастар маңызды қадам.
Барша оқушыларымызға жарқын болашақ, сәттілік пен биік белестер тілейміз!
Ұстаздарымызға қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіреміз!
Түлектерімізге ақ жол, сәтті қадам, асқақ арман тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/DYxDDDhI9hS/?igsh=bTZsMGd0bzI5Z28z

4
июня
2026

2026 жылғы 22 мамыр күні мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Жұлдыздар шеруі» атты салтанатты марапаттау кеші өтті.
Мерекелік кеш барысында жыл бойы аудандық, облыстық, республикалық және мектепішілік деңгейде жоғары жетістіктерге жеткен, оқу, спорт және тәрбие бағытында үздік нәтиже көрсеткен оқушыларымыз марапатталды. Сонымен қатар, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып, түрлі мәдени-көпшілік және мектепішілік іс-шараларда белсенділік танытқан оқушыларға ерекше құрмет көрсетілді.
Жас жеткіншектеріміздің әрбір жетістігі — тынымсыз еңбек пен табандылықтың, білімге деген құштарлық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Білім мен өнерде, спорт пен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген шәкірттеріміз — мектебіміздің мақтанышы, болашағымыздың жарқын үміті!
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Жұлдыздарыңыз әрдайым жарқырап, алар асуларыңыз биік болсын!

сас1 

https://www.instagram.com/reel/DYuT9dgon9c/?igsh=MWRkZjF1dmlzNW83cw==

25
мая
2026

2026 жылғы 22 мамыр күні мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Жұлдыздар шеруі» атты салтанатты марапаттау кеші өтті.
Мерекелік кеш барысында жыл бойы аудандық, облыстық, республикалық және мектепішілік деңгейде жоғары жетістіктерге жеткен, оқу, спорт және тәрбие бағытында үздік нәтиже көрсеткен оқушыларымыз марапатталды. Сонымен қатар, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып, түрлі мәдени-көпшілік және мектепішілік іс-шараларда белсенділік танытқан оқушыларға ерекше құрмет көрсетілді.
Жас жеткіншектеріміздің әрбір жетістігі — тынымсыз еңбек пен табандылықтың, білімге деген құштарлық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Білім мен өнерде, спорт пен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген шәкірттеріміз — мектебіміздің мақтанышы, болашағымыздың жарқын үміті!
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Жұлдыздарыңыз әрдайым жарқырап, алар асуларыңыз биік болсын!

https://www.instagram.com/reel/DYuT9dgon9c/?igsh=MWRkZjF1dmlzNW83cw==

19
мая
2026

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, 2026 жылғы 18 мамыр күні мектебімізде «Ұлы ұлттың баласы, ұлықта домбыраңды» атты шағын концерт өткізілді.
Шараның мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, жас ұрпақтың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру және қазақ халқының қасиетті қара домбырасына деген құрметті арттыру.
Концерт барысында қазақтың қара домбырасы туралы тағылымды мәліметтер айтылып, Балалар музыка мектебі мен А.Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі оқушыларынан құралған домбыра ансамблі өнер көрсетті.
Таймасов Қуат Қабиденұлының жетекшілігімен өнерлі ұжым халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып, ұлттық өнерді насихаттауда үлкен жетістіктерге жетіп келеді.
Күмбірлеген күй көрермен көңілінен ерекше орын алып, ұлттық рухты асқақтатты.

https://www.instagram.com/reel/DYgiQAAIeM7/?igsh=MTYweWRhejc4aDFnMg==

19
мая
2026

2026 жылғы 18 мамырда “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде мектебімізде «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» арналған тәрбие сағаты және қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры, тарихи маңызы мен ел тарихындағы орны туралы мәліметтер беріліп, өткенге тағзым ету, тарихи сананы қалыптастыру бағытында мазмұнды жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, қауіпсіздік сабақтарында жоспарға сәйкес қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, оқушыларға өмір қауіпсіздігін сақтау, жауапкершілік пен сақтық шараларын ұстану жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және қауіпсіздік мәдениетін дамыту.

атын2атын3

https://www.instagram.com/p/DYgIQEwmIOa/?img_index=3&igsh=MW1ubjZxeXFzNzZqMA==

© 2026. Все права защищены.