ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

«Киелі өлкем» және «IT әлемі» жазғы бейіндік лагерь тәрбиеленушілерінің Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсиясы Мектеп жанындағы жазғы бейіндік «Киелі өлкем» және «IT әлемі» лагерлерінің оқушылары танымдық-экскурсиялық іс-шара аясында Павлодар қаласындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі имени Г.Н. Потанина барып қайтты.
Іс-шараның мақсаты:* Оқушылардың туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейту;
* Өлкетану бағытындағы зерттеушілік қызығушылықтарын дамыту;
* Тарихи-мәдени құндылықтарды құрметтеуге және сақтауға тәрбиелеу;
* Танымдық көкжиегін кеңейтіп, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
⁠Аталған музей 1942 жылы құрылған және өңірдің тарихы мен мәдени мұрасын сақтап, насихаттайтын маңызды мәдени-ағартушылық орталықтардың бірі болып саналады. Экскурсия барысында оқушылар музейдің бірнеше тақырыптық залдарын аралап, Павлодар өңірінің ежелгі тарихы, табиғаты, археологиясы, этнографиясы және мәдени дамуы туралы құнды мәліметтер алды. Сондай-ақ тарихи жәдігерлерді, ұлттық тұрмысқа қатысты бұйымдарды, археологиялық олжаларды және өлкенің көрнекті тұлғаларына арналған экспозицияларды тамашалады.
Музей қызметкерлері оқушыларға әр экспонаттың ерекшелігі мен тарихи маңызы туралы жан-жақты түсіндіріп, қызықты деректермен бөлісті. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенді түрде пікір алмасты. Экскурсия барысында оқушылар туған өлкенің өткені мен бүгінгі тарихы арасындағы байланысты тереңірек түсініп, тарихи-мәдени мұраға деген құрмет сезімдерін арттырды.

музи1

https://www.instagram.com/reel/DZujKkZoDol/?igsh=MWd4d3l2OXQzeWZieg==

© 2026. Все права защищены.