ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
10
марта
2026

2026 жылғы 29 қаңтарда «Заң және тәртіп” айлығы аясында аудандық прокуратура қызметкері Д.М. Тұрсыновтың қатысуымен оқушылар арасында интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында интернет желісінде жиі кездесетін алаяқтық түрлері, олардың негізгі белгілері, жеке деректерді қорғау жолдары, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға жауап бермеу, сондай-ақ белгісіз тұлғаларға банк карталарының деректерін бермеу қажеттілігі жөнінде жан-жақты түсіндірме берілді. Сонымен қатар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау және киберқауіпсіздік ережелерін қатаң ұстанудың маңыздылығы атап өтілді. Аталған тақырыпты нақтылай түсу мақсатында оқушыларға интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша бейнеролик көрсетілді.
Сондай-ақ іс-шара аясында Шарбақты станциясының Желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Жангелді Қасымұлы Шадиев оқушылармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Кездесу барысында теміржол бойында және пойыз қозғалысы кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, пойыз тоқтаған сәтте теміржол аумағында жүрудің қауіптілігі, белгіленбеген жерлерден өтпеу, бөгде заттарды теміржол жолына қоймау жөнінде нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүруіне тыйым салынатыны, аталған талапты бұзған жағдайда ата-аналар мен заңды өкілдерге қолданылатын әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы ақпарат берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады.

https://www.instagram.com/reel/DUGrnrbCDsl/?igsh=dXdmeXBuajIzOXpj

10
марта
2026

«Адал азамат» бағдарламасы аясында ұлттық өнерді ұлықтау, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Әншуақ» және «Күмбірлеген күй» сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Сайыстың негізгі мақсаты – қазақтың дәстүрлі әні мен күй өнерін насихаттау, өнерлі жастарды қолдау, отансүйгіштік пен адалдық құндылықтарын дәріптеу.
Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар «Әншуақ, домбыра күмбірі» фестивалінде
ұлттық өнерді дәріптеп, ән айту өнері бойынша келесі жүлделі орындарға ие болды.
І орын иегері 5 «А» сынып оқушы Ерген Нұрислам
ІІ орын иегері 5 «А» сынып оқушысы Съезд Айжанар
ІІІ орын иегері 6 «А» сынып оқушысы Бектимирова Алана марапатталды.
Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар «Әншуақ, домбыра күмбірі» фестивалінде
ұлттық өнерді дәріптеп, ән айту өнері бойынша , күй тарту өнері бойынша келесі жүлделі орындарға ие болды.
І орын иегері 5 «А» сынып оқушы Зинатұлы Әли
ІІ орын иегерлері 8 «Б» сынып оқушысы Керей Алуа және 7 «Б» сынып оқушысы Мусаканова Медина
ІІІ орын иегері 7 «А» сынып оқушысы Жұмажан Мейірлан және 5 «А» сынып оқушысы Нұрдыбек Әмір марапатталды.
Сонымен қатар, өнерпаздар келесі номинациялармен марапатталды:
Жанатбек Жайдар және Каппар Абдумалик 🎖 «Көрермендер көзайымы» атанды.
Сайысқа белсене қатысқан барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, ұлттық өнерді дамытуға қосқан үлестері үшін ризашылық білдірілді.

https://www.instagram.com/reel/DUGm4BOiEl3/?igsh=YzVsdWtmOHl2MTkw

10
марта
2026

2026 жылғы 28 қаңтарда «Заң және тәртіп» айлығының жоспарын орындау мақсатында 2 А, 2 б және 3 Б сынып оқушылары арасында командалық эстафета өтті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға заң талаптарын құрметтеуді, тәртіп сақтаудың маңызын түсіндіру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, ұйымшылдық пен командалық рухты қалыптастыру болды.
Эстафета барысында оқушылар белсенділік танытып, ептілік, жылдамдық және бір-біріне қолдау көрсету арқылы тапсырмаларды сәтті орындады. Жарыс қызықты әрі тартысты жағдайда өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады.

https://www.instagram.com/reel/DUDEF_7CMB8/?igsh=N2ZnNXUyeTdtcm40

10
марта
2026

«Заң және тәртіп» айлығы аясында 3 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Мен тәртіпті оқушымын» тақырыбында қысқа бейнематериал дайындалды. Бейнематериалда оқушылар тәртіп сақтау, мектеп ережелерін орындау және жауапкершілік туралы өз ойларын білдірді. Бұл жұмыс оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, тәртіпке баулуға және саналы азамат болып тәрбиеленуіне бағытталды.

https://www.instagram.com/reel/DUAyRVPCG8z/?igsh=dWZjb2xnOGRlbmVj

10
марта
2026

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында 1–11 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаттары өткізілді. Бастауыш сыныптарда «Мен өз құқығымды білемін», ал орта буын сыныптарында «Заңды білу – өз құқығыңды қорғау» тақырыптары қамтылды.
Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және заңды құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

ЮББ

10
марта
2026

2026 жылғы 26 қаңтарда «Заң және тәртіп» айлығы аясында 5 «Б» сынып оқушылары «Заң туралы көзқарас» тақырыбында видеоролик жасап, өз пікірлерімен бөлісті. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың заңға деген түсінігін қалыптастыру және құқықтық мәдениетті дамыту.

https://www.instagram.com/reel/DT-af3bCJDs/?igsh=aWZzcHRvZGF6NGFk

10
марта
2026

2026 жылғы 23 қаңтарда оқушылар арасында «Біз және қаржылық жауапкершілік» тақырыбы бойынша ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қаржылық сауаттылықты, ақшаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру және командалық жұмысқа үйрету.
Ойын барысында оқушылар түрлі қаржылық жағдайларды талқылап, шешім қабылдау арқылы тәжірибе жинады. Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық жеткізді.

ЮБЮБ

10
марта
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұрпақ үні» жобасы бастау алды. Осы жоба шеңберінде 6-сынып оқушылары «Сен жеті атаңды білесің бе?» атты челленджді бастап, эстафетаны 7-сынып оқушыларына жолдады.

https://www.instagram.com/reel/DT2OCOjCCLb/?igsh=MWE3a2pkajRqeHg1NQ==

© 2026. Все права защищены.