ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
18
июня
2025

- Балалар арасында патриоттық сезімді жандандыру
-Балаларды шығармашылыққа баулу, өзіндік шеберліктерін көрсете білуіне көмек беру
-Мектебіміздің талантты балаларын таныту
Бүгінгі күн өте қызықты да тартымды өтті. Балалар белсене қатысты. «Қыран», «Болашақ», «Балдаурен» топтарындағы балалар өз өнерлерін ортаға салды. «Талантты бала» тек ән және бимен шектеліп қана қоймай, ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқуды да нақышына келтіріп оқып берді.
«Жаншуақ» лагеріндегі демалушылардың бірі Айтықбай Ақарыс «Абай Құнанбаевтың бірінші қара сөзін» жатқа мәнерлеп айтып шықты. Ағайынды Ермуратов Елназар мен Елнур «Жақсы көрем атамды, жақсы көрем әжемді» әнін жоғары деңгейде орындап берді. Кішкентай бүлдіршіндеріміз «Антошка» биін билеп шықты.
Лагерь балаларының бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын да қызықты іс. Баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Кешіміздің соңы көңілді бимен аяқталды.

құқ

 

18
июня
2025

Әрбір бала қамқорлыққа, махаббатқа, білімге, қауіпсіздікке және еркін өмір сүруге құқылы. 🌍

Бала — болашақтың иесі. Оның құқығын қорғау — біздің борышымыз!

🔹 Бала еңбек етуге емес, білім алуға тиіс
🔹 Бала зорлық-зомбылықтан қорғалуға тиіс
🔹 Бала өз ойын еркін айтуға құқылы
🔹 Бала отбасы жылуын сезінуі тиіс 

https://www.instagram.com/reel/DKzkOXYICnm/?igsh=MTVkcHkzd2FuZmsy

18
июня
2025

Әрбір перзент махаббатқа, қамқорлыққа, білімге және қауіпсіз ортаға лайық. 🌍

Кішкентай жүректер — біздің болашағымыз. Олардың амандығы мен құқықтарын сақтау — әр ересектің міндеті.

🔷 Еңбектен бұрын — білім
🔷 Қатігездіктен — қорған
🔷 Өз пікірін білдіруге — еркіндік
🔷 Жылулық пен түсіністікке — жол ашық

Күлкісі – әлемге сәуле шашатын шуақ.
Сол күлкіні сақтау — адамзаттың парызы.

📢 Жас ұрпақтың мүддесін бірге қорғайық

https://www.instagram.com/reel/DKzj26ZISBY/?igsh=MTV1cHpvbnRscW15Nw==

 

18
июня
2025

Оқушылармен эксперименттік күн» шығармашылық зертханасы аты тәжірбиені "Маралды" көлі жағасында химия және информатика пәндерін біріктіріп, ерекше сабақ өткіздік:
♨️көбіктің жануы
🌊 судың қасиеттері және судың кермектілігін жою жолдарын тәжірибе арқылы зерттедік.
🧠 Ал информатикадан – қызықты фактілер мен «Кім жылдам?» атты интеллектуалдық ойындар ойнатып, шапшаң логикалық ойлауға машықтандық.
🎯 Балалар тек білім алып қана қоймай, бірге ойнап, ой елегінен өткізіп, ғылымды қызық әрі түсінікті түрде игере білді.
Сонымен қатар осы күн аясында, таза табиғатта мектеп психологі "Шаттық алаңы" психологиялық қолдау жобасы бойынша балалармен көңілді ойындар ойнатты.
Маралды көлінде балалардың демалуына қолдау көрсеткен Отаргалиева Г. М. 

https://www.instagram.com/reel/DKzb0U_NZCh/?igsh=cDc1N3UweTRvcGtu 

 

 

18
июня
2025

Бүгін балалармен бірге «Жасыл эконимка »тақырыбын талқыладық. Қарапайым тілмен айтқанда, жасыл экономика — бұл табиғатты аялау, ресурстарды үнемді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және таза болашаққа қадам жасау.

Біздің мақсатымыз — кішкентайларымызды бала кезінен табиғатқа жанашыр болуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға баулу. Олар қоқысты сұрыптауды, су мен электр қуатын үнемдеуді, қоршаған ортаны таза ұстауды үйреніп жатыр. 🌍

💡 «Бүгінгі бала — ертеңгі ел болашағы!» Сондықтан жасыл болашақты бүгіннен бастайық! 🌿

жас2жас1

 

18
июня
2025

“Экология және туризм” бейіндік лагері бағыты бойынша, “Киелі өлке”, “Шамшырақ”, “Enjoy English” бейіндік отрядтары, үйірме қатысушылары Галкин ауылындағы ЖОББМ-нде орналасқан мұражайға экскурсия ұйымдастырды. Мақсаты: Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Жас ұрпаққа танымдық тәрбие беруде мектебіміз үлкен назар аударады.

гал

 

18
июня
2025

Бүгін біздің балалар нағыз табиғат жанашырларына айналды:
🌸 гүлдерді суарып,
🥕 бау-бақшаны баптап,
🌾 арамшөптерді жұлып,
🌍 айналаны тазартты.

Бұл тек еңбек қана емес – бұл экологиялық тәрбие. Біз Марш парктің идеяларымен үндесіп, әр балада табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік оятуға тырысамыз.

🌱 Марш парк – табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік мектебі.
Ал біздің балалар – осы үйлесімділіктің сенімді жалғастырушылары! 

огр

 

18
июня
2025

Мектеп жанындағы "Жаншуақ" лагерь алаңында
"Әжемнің ертегісі" тақырыбында сахналық қойылым көрсетілді.
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу,
ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға үйрету, танымдылық қабілетін дамыту, қарым-қатынасқа түсу мен топпен жұмыс жасауға үйрену. 

әжеу

© 2026. Все права защищены.