2026 жылғы 4 маусым күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Жаз–2026» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде бейіндік лагерь өз қызметін жалғастырды. Күн тәртібіне сәйкес педагогтер оқушыларға арналған түрлі бағыттағы танымдық және тәрбиелік іс-шаралар өткізді.
Шаку З. химия бағыты бойынша тәжірибелік-зертханалық жұмыстар ұйымдастырып, оқушыларға химиялық тәжірибелер жасау арқылы ғылымға деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді. Балалар зерттеу жұмыстарын орындап, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып тәжірибе жүргізді.
Сонымен қатар, Жумадиров Т.М. мен Ауппаева И.М. спорттық бағытта сайыстар мен қимылды ойындар өткізіп, оқушылардың дене белсенділігін арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізді.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың белсенді демалысын ұйымдастырып, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға оң әсерін тигізді.
https://www.instagram.com/reel/DZTt4Oyoggj/?igsh=cm9sODliaWFzZXpi




