2026 жылғы 5 маусым күні бейіндік лагерьде оқушылардың шығармашылық, зияткерлік және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Жоспарға сәйкес жауапты педагогтер әртүрлі бағыттағы жұмыстар өткізіп, балалардың белсенді қатысуына жағдай жасады.
Жабайканова Г.С. «Эксперименттік күн» тақырыбында сурет салу бағыты бойынша шығармашылық жұмыс ұйымдастырды. Оқушылар өз қиялдары мен идеяларын сурет арқылы бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Баталова Г.Ж. «SMART BALA» жобасы аясында ғылыми викториналар өткізіп, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған тапсырмалар ұйымдастырды. Балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз білімдерін сынады.
Сонымен қатар, Абдугалиева А.А. дүниежүзі тарихы пәні бойынша танымдық жұмыстар өткізіп, оқушылардың тарихи білімдерін кеңейтуге және қызығушылықтарын арттыруға бағытталған тапсырмалар ұйымдастырды.
Іс-шаралар барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік алды.
https://www.instagram.com/reel/DZTvFqsIKfV/?igsh=NWQzcjBleXZyajQz




