2026 жылғы 10 маусым күні бейіндік лагерьдегі оқушылар үшін Павлодар облысының шығысындағы Шарбақты ауданында, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында орналасқан киелі Ғабдул Уахит Хазірет кесенесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия Абдугалиева А.А., Шаку З. және Макишева С.Е. ұйымдастыруымен өткізіліп, оқушыларға тарихи-рухани бағыттағы тағылымды саяхат сыйлады.
Сапар барысында оқушылар қасиетті орынның тарихымен танысып, оның рухани және тарихи маңызы туралы құнды мәліметтер алды. Қарағайлы орманның әсем табиғатымен үйлесім тапқан кесене балаларға ерекше әсер қалдырып, туған жердің киелі орындарына деген құрмет сезімдерін арттырды.
Саяхат кезінде оқушылар табиғат аясында серуендеп, тарихи-танымдық әңгімелер тыңдап, ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбиеге қатысты маңызды ақпараттармен танысты. Сонымен қатар, олар туған өлкенің мәдени мұрасы мен тарихи орындары туралы білімдерін кеңейтті.
Танымдық экскурсия оқушылардың туған жер тарихына қызығушылығын арттырып, табиғатты аялауға, рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DZaJPvHoOdG/?igsh=cXBkem9pMXVwbDJv




