«Шаттық алаңы» жобасы аясында 5-маусым күні мектеп психолгінің ұйымдастыруымен эмоционалдық көңіл-күйді көтеруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жағымды қарым-қатынас орнатуға бағытталған «Өмірді түрлі-түсті етейік» атты арт-терапиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында балалар «Көңіл-күй салюті» ойыны арқылы өз эмоцияларын білдіріп, түрлі түстердің көңіл-күйге әсерін сезінді. «Көңіл-күй түстері» психологиялық ойыны балалардың эмоцияларын еркін жеткізуіне мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, «Сиқырлы алақандар қаласы» ұжымдық шығармашылық жұмысында қатысушылар өз қиялдарын пайдаланып, түрлі-түсті алақан іздерінен әсем бейнелер жасап, ортақ туындыны өмірге әкелді. Тренинг соңында «Кемпірқосақ астындағы демалыс» релаксациялық жаттығуы арқылы балалар тынығып, жағымды әсер алды.
Бала көңілі – өмірдің ең жарқын бояуы!
https://www.instagram.com/reel/DZUIgxIIPot/?igsh=cDJ5Y2hiaHRia3Rm




