ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
3
сентября
2026

АТА-АНАЛАР МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА! 2026–2027 оқу жылында білім алушылардың мектеп формасына және сыртқы келбетіне қойылатын талаптар Мектеп формасы:
▪️ таза, ұқыпты және жинақы болуы;
▪️ классикалық, іскерлік стильде болуы;
▪️ бірыңғай түстер гаммасында орындалуы;
▪️ зайырлы сипатта болуы тиіс.
Мектеп формасына діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 49-бабына сәйкес ата-аналар баласының мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауын қамтамасыз етуге міндетті.
Мектеп формасына қойылатын талаптарды орындамау заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болуы мүмкін.
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналардан баласының мектеп формасы мен сыртқы келбетіне күнделікті бақылау жасауды сұраймыз.Құрметті ата-аналар!
Бірлескен жауапкершілік – мектептегі тәртіп пен мәдениеттің негізі.
Мектеп формасы – оқушының ұқыптылығы мен мектеп мәдениетінің көрінісі!

мектеп4

мектеп3

 

3
сентября
2026

Биылғы оқу жылында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға мемлекет тарапынан және демеушілердің қолдауымен кешенді көмек көрсетілді.
Мемлекет тарапынан 35 отбасының 81 оқушысына мектепке қажетті оқу құралдарын алуға қаржылай көмек көрсетілді. Әр балаға 62 534 теңгеден, жалпы 5 065 254 теңге көлемінде қаражат бөлінді. Аталған мемлекеттік қолдау оқушыларды жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, ата-аналарға үлкен қолдау болды.
Акция аясында аудандық «Нұрана» қоғамдық бірлестігінің аналары мен бірлестік төрайымы А.С. Смаилова да игі бастамадан шет қалмай, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға өз көмектерін көрсетті.
Сонымен қатар, көші-қон бағдарламасымен келген 11 оқушыға облыстық мәслихат депутаты В.В. Соломкин тарапынан қаржылай және материалдық көмек көрсетілді.«Дархан» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері де қайырымдылық шарасына белсенді атсалысып, балаларға қажетті заттармен қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты.
Жеке кәсіпкерлер «Айткулова», «Қарашаш», «Ерматов», «Шоев» өз қаражаттары есебінен оқушыларға мектепке қажетті кеңсе тауарлары мен киім-кешектер алып беріп, балаларға қуаныш сыйлады.

мектеп2

14
августа
2026

“Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі қазақтың бойтұмары” деген ұранды ту еткен жас ұрпақпен
Абай Құнанбайұлының онкүндігіне орай “Абай жолы - ұрпаққа өнеге” атты дөңгелек үстел өтті. Халқына «Адам болам десеңіз...», бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болу керектігін айтып кеткен ұлы ғұламаның әр сөзі әлі күнге дейін өміршеңдігін жоғалтқан жоқ.
Шара барысында оқушылар ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқып, әндерін шырқап, “Абай жолы” романы жөнінде от талдауларды тыңдап, Абай әлеміне терең бойлады. Абайдың асыл мұрасы - мәңгілік!

https://www.instagram.com/reel/Db2YxbauoMx/?igsh=MW03dDZoeG94b2Q3dA==

14
августа
2026

2026 жылғы 17 шілдеде мектеп жанындағы жазғы лагерьдің жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Бұл күн балалардың жазғы демалысын жарқын әсермен қорытындылаған ерекше мерекеге айналды.
Іс-шара аясында «Қызықты эстафета» атты спорттық-танымдық жарыс ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер түрлі қызықты сайыстар мен эстафеталарға белсене қатысып, өздерінің ептілігін, жылдамдығын, ұйымшылдығын және достық қарым-қатынасын көрсетті. Балалар бір-біріне қолдау білдіріп, командалық рухтың маңызын сезінді.
Жабылу салтанатында лагерьде өткен жарқын сәттер еске алынып, белсенді демалыстың, достықтың және салауатты өмір салтының маңызы насихатталды. Балалар көтеріңкі көңіл күймен, ұмытылмас әсерлерге толы жазғы демалысты аяқтап, лагерьмен жылы қоштасты.

https://www.instagram.com/reel/Da8N8OLIGRR/?igsh=MWZ5amc4OWRnYzZidw==

14
августа
2026

2026 жылғы 7 шілдеде мектеп жанындағы лагерьде балалар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттауға бағытталған «Бес асық» ойынынан жарыс ұйымдастырылды. Балалар асық ойынының бірнеше түрін ойнап, өздерінің ептіліктері мен мергендіктерін көрсетті. Сонымен қатар, ұлттық ойынның ережелерін жақсы меңгергендерін дәлелдеп, жарысқа белсенді қатысты.
Жарыстан кейін балалар аудандық мұражайға экскурсияға барды. Мұражай қызметкері экспонаттардың шығу тарихы мен тарихи маңызы туралы жан-жақты мәлімет беріп, балаларды ауданымыздың өткені мен мәдени мұрасымен таныстырды.
Күн өте қызықты, мазмұнды әрі танымдық деңгейде өтті. Балалар көтеріңкі көңіл күймен жаңа әсерлер алып, үйлеріне қуана қайтты.

https://www.instagram.com/reel/Da2FtnkOJmv/?igsh=MWwxOTM4bGdtMXE3aw==

14
августа
2026

2026 жылғы 16 шілдеде мектеп жанындағы лагерьде «Әлем балалар көзімен» атты Color Party шығармашылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын, эстетикалық талғамын және өзіндік көзқарасын дамыту.
Шара барысында балалар түрлі-түстер арқылы өз армандарын, бақытты әлем туралы ойларын қағаз бетіне түсіріп, шығармашылық жұмыстарын таныстырды. Сонымен қатар көңілді ойындарға қатысып, бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс-шара барысында достық, бірлік, мейірімділік және өзара сыйластық құндылықтары кеңінен насихатталды.
«Әлем балалар көзімен» атты Color Party балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, белсенділігін арттыруға және жазғы демалыс уақытын қызықты әрі мазмұнды өткізуіне зор мүмкіндік берді.

https://www.instagram.com/reel/Da1__nKIxhW/?igsh=Y3ZnZGtvZWNyNzI2

14
августа
2026

2026 жылғы 14 шілдеде мектеп жанындағы лагерьде «Менің онлайн қауіпсіздігім» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында Әсел мұғалім балалармен сауалнама жүргізіп, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін еске түсірді. Балалар өз білімдерін көрсетіп, онлайн ортада өзін қауіпсіз ұстау жолдары туралы пікір алмасты.
Тақырыпты кеңінен түсіндіру мақсатында лагерь тәрбиеленушілері аудандық Ішкі істер бөліміне экскурсияға барды. Экскурсия барысында балалар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күнделікті жұмысы, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы қызметімен танысты. Бұл танымдық кездесу балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, полиция қызметіне деген құрметін нығайтты.

https://www.instagram.com/reel/Da16nY6og2H/?igsh=MjNlNGJkbWliYWYx

14
августа
2026

2026 жылғы 10 маусымда мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері «Ұлттар достығы» тақырыбындағы танымдық іс-шараға қатысып, достық, бірлік және өзара сыйластық құндылықтарына арналған қызықты тапсырмаларды белсенді орындады.
Іс-шарадан кейін балалар ауыл мешітіне экскурсия жасап, имамдармен сұхбаттасты. Олар ислам діні, адамгершілік құндылықтары мен рухани тәрбие туралы көптеген пайдалы мәліметтер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Күн балалар үшін танымды да әсерлі өтіп, жаңа білім мен жағымды әсер сыйлады.

https://www.instagram.com/reel/Da0lcYeIQDv/?igsh=YzB3MTdlamF1enhx

© 2026. Все права защищены.