ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
1
ноября
2026

2026 жылғы 22 қазан күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Мерекелік концерт барысында оқушылар патриоттық әндер шырқап, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, Республика күніне арналған викториналық сұрақтарға жауап беріп, еліміздің тарихы мен тәуелсіздігі туралы білімдерін көрсетті.
Оқушылар туған еліне деген ыстық ықыластарын білдіріп, Қазақстанның жарқын болашағына, еліміздің тыныштығы мен бірлігіне арналған ақ тілектерін жеткізді.
Мерекелік іс-шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Еліміздің егемендігі мәңгілік, тәуелсіздігі тұғырлы, бірлігі бекем болсын!
25 қазан – Республика күні құтты болсын! 🇰🇿

https://www.instagram.com/reel/De3kLe0OGM9/?rpxt=MWxhZnlndjVwMWVtaA==

 

1
ноября
2026

25 қазан – Республика күні құтты болсын! Республика күніне орай ұйымдастырылған «5 секундтағы менің Қазақстаным» челленджін Гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінен қабыл алып, эстафетаны Хмельницкий жалпы орта білім беру мектебіне жолдаймыз @khmelnickiy_mektebi !Қазақстан – біздің Отанымыз, мақтанышымыз және жарқын болашағымыз!
Еліміздің көк байрағы биікте желбіреп, тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!
Республика күні құтты болсын!

https://www.instagram.com/reel/De3j2_Uu1xi/?xtok=dGxqa2tyc3Z4d3p5

1
ноября
2026

«Таза Қазақстан» – тазалық өзімізден басталады!2026 жылғы 23 қазанда, бірінші тоқсанның соңғы оқу күнінде, республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектебімізде «Таза сынып – таза мектеп» челленджі ұйымдастырылды.
Челлендж барысында сынып жетекшілері мен оқушылар бірлесіп, сынып бөлмелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Оқушылар сыныптарын ретке келтіріп, парталарды сүртіп, едендерді жуып, кабинеттердің тазалығына өз үлестерін қосты.
Аталған шараның мақсаты – оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Таза сынып – таза мектеп! Тазалық әрқайсымыздан басталады!

https://www.instagram.com/p/De3gjaoDvuW/?dlrf=eWw1dm9ua3MwNWY3 

https://www.instagram.com/reel/De4Y9oVOsyK/?exln=NGd0dmZxeW9wNG51

 

23
октября
2026

«Туған елім – жыр мекенім!»Республика күнін мерекелеу жоспарына сәйкес «Туған елім – жыр мекенім!» атты патриоттық мәнерлеп оқу челленджі аясында 6 «А» сынып оқушысы Қуатәлі Нұрсылан Отанға деген сүйіспеншілігін жүрекжарды өлең жолдары арқылы жеткізді.
Бұл челлендждің мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған жерге деген құрметті арттыру және ұлттық рухты дәріптеу.
Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болсын! Республика күні құтты болсын!

https://www.instagram.com/reel/De0tPE9IWAh/?rpxt=ODQ1cHUxbWppbWZn

23
октября
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 25 қазан – Республика күніне орай мектебіміздің оқушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, «Әнұраным – айбыным!» патриоттық челленджіне қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің маңызын дәріптеу.
Мемлекеттік Әнұранды асқақтата орындаған оқушылар туған елге деген сүйіспеншіліктері мен патриоттық рухтарын көрсетті.
Республика күні құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің көк байрағы мәңгі желбіресін!

https://www.instagram.com/reel/DezmQmsO376/?rpxt=MWQ5aXE2bTFwcW9rbQ==

23
октября
2026

2026 жылғы 19 қазанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 25 қазан – Республика күніне орай 1–11-сынып оқушылары арасында патриоттық бағыттағы тәрбие сағаттары және бекітілген жоспарға сәйкес қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
Тәрбие сағаттары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес төмендегі тақырыптар бойынша ұйымдастырылды:
1–4-сыныптар: «Республикам – мақтанышым»;
5–8-сыныптар: «Қазақ елі – менің Отаным»;
9–11-сыныптар: «Қазақстан – ортақ Отанымыз, ортақ мақтанышымыз».
Тәрбие сағаттарының негізгі мақсаты – оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, ел тарихына, мемлекеттік рәміздерге және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру.
Іс-шаралар барысында оқушылар Республика күнінің тарихи маңызымен танысып, еліміздің тәуелсіздігі, жетістіктері, бірлігі мен болашағы туралы ой бөлісті. Туған жерді құрметтеу, ел алдындағы жауапкершілікті сезіну және Отанға адал қызмет ету құндылықтарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, бекітілген жоспарға сәйкес қауіпсіздік сабақтары өткізіліп, оқушыларға күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау, қауіпті жағдайлардың алдын алу және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.
Аталған тәрбие және қауіпсіздік сабақтары оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, патриоттық құндылықтарын нығайтуға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Елін сүйетін, Отанын құрметтейтін, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу – басты міндетіміз!
Республика күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміздің болашағы жарқын болсын!

https://www.instagram.com/p/DerlU-VjkvM/?vrfl=NWFsbWh3enIzcWk3

19
октября
2026

 2026 жылғы 16 қазанда мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында 1–4-сынып оқушыларының қатысуымен «Күзгі асар – 2026» көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды адал еңбекке баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу, сондай-ақ мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Көрме-жәрмеңке екі бағыт бойынша өткізілді:
І бағыт – «Алтын күз» шығармашылық қолөнер көрмесі.
Оқушылар ата-аналары мен сынып жетекшілерінің қолдауымен табиғи және сәндік материалдардан күз мезгілінің әсемдігін, берекесі мен молшылығын бейнелейтін ерекше шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Көрмеге қойылған туындылар оқушылардың қиялын, шеберлігін және шығармашылық ізденісін көрсетті.
ІІ бағыт – «Күзгі дастарқан» тағамдар жәрмеңкесі.
Бұл бағытта әр сынып түрлі тағамдар мен тәттілерден күзгі дастарқан әзірлеп, жәрмеңкеге ұсынды. Оқушылар сауда-саттыққа қатысу арқылы кәсіпкерлік туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырып, еңбек нәтижесін бағалауға және қаржылық сауаттылыққа дағдыланды.
Жәрмеңкеге 5–11-сынып оқушылары да белсенді қатысып, ұсынылған өнімдерді сатып алу арқылы бастауыш сынып оқушыларының еңбегіне қолдау көрсетті.
«Күзгі асар – 2026» көрме-жәрмеңкесі оқушылардың шығармашылығы мен еңбекқорлығын дәріптеп, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтқан тәрбиелік мәні зор іс-шара болды.
Іс-шараның ұйымдастырылуына атсалысқан сынып жетекшілеріне, ата-аналарға және белсенділік танытқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз! 

https://www.instagram.com/reel/DeoE6Frucwt/?psln=MWJvaW56M2tpZ2c4YQ==

19
октября
2026

 «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында мектебімізде «Эко сағат» бағыты бойынша қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа қамқорлық жасау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Мектебімізде бөлме гүлдерін суару, күтіп-баптау, жапырақтарын шаңнан тазарту және өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай жасау күнделікті қалыптасқан игі дәстүрге айналған.
Оқушылар бұл жұмыстарға белсенді қатысып, жасыл желектерге қамқорлық жасау арқылы еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және табиғатты аялауға дағдылануда.
Экологиялық мәдениет бір реттік іс-шарамен шектелмейді. Ол – күнделікті жасалатын қарапайым игі істерден басталатын өмірлік ұстаным.
Таза Қазақстан – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!

https://www.instagram.com/reel/DejgFybOU9Q/?psln=NzI4cDBib3N1d2Nz

© 2026. Все права защищены.