ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
9
октября
2026

Карта сыртын ашқанда — бүкіл әлем алақаныңда тұрғандай.
Көп адам мұғалімнің жұмысын тек сыныптағы сабақпен ғана шектеледі деп ойлайды. Бірақ бұл — қоңырау соғылғанша тексерілген дәптерлер, тақтадағы әлем картасы, балалардың жанарындағы қызығушылық пен шексіз ізденіс.
Бұл видеода — менің бір күнім. Жарқын сәттері, қарбаласы мен ерекше қуанышы.

https://www.instagram.com/reel/DeCjO4iusga/?exln=MXZvNjA0Y2ZxNG01Ng==

9
октября
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ұстаздар күніне орай мектебімізде «Ұстазыңды құттықта» челленджіне 5 «А» сынып оқушылары белсенді қатысып, өз ұстаздарына деген ыстық ықыластары мен ақжарма тілектерін жеткізді. ❤️Бұл челлендждің басты мақсаты – ұстаз еңбегін құрметтеу, шәкірттің ұстазға деген алғысын арттыру, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету құндылықтарын дәріптеу.Аяулы ұстаздарымызға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге толағай табыс және шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілейміз! 💐

https://www.instagram.com/reel/Dd_sBjhuIMH/?xtok=dHNsbnMyMmh4aXlw

9
октября
2026

Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушылары барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!
Ұстаз — білімнің шамшырағы, жүрекке жол табар жан, ұрпаққа бағыт берер ұлы тұлға.
Сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт, шығармашылық табыс және еңбектеріңіздің жемісін көруді тілейміз!
Ұстаз еңбегі — ұлы еңбек!
Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты ұстаздар!

https://www.instagram.com/reel/Dd_r67vOKTh/?dlrf=MXZkYmFqNzBlZm9rOQ==

2
октября
2026

Ұстаздар күніне орай 11-сынып оқушылары мұғалімдерімізбен ерекше форматта сұхбат жүргізді.
Бұл жолы ұстаздардың жасын емес, педагогикалық еңбек өтілін анықтап көрдік.
Шарты өте қарапайым: Қанша жыл ұстаздық етсеңіз – сонша жастасыз!
Бірі – ұстаздық жолында әлі «жап-жас», ал енді бірі – мол тәжірибе жинаған нағыз маман!
Әр жыл – тәжірибе, әр сабақ – ізденіс, әр шәкірт – ұстаз өміріндегі ерекше тарих.
Құрметті ұстаздар, педагогикалық еңбек жолдарыңыз ұзақ болып, шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беріңіздер!

https://www.instagram.com/reel/Dd-qzCcIbqa/?stkn=eWU3OG1kaXFta3Vl

2
октября
2026

«Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында 11-сынып оқушылары мектебіміздің директоры Нұрмира Өміржанқызымен еркін форматта сұхбат жүргізді.
Кездесу барысында Нұрмира Өміржанқызы балалық шағындағы армандары, мектеп қабырғасында өткен қызықты сәттері және жүрегінде сақталған ерекше естеліктерімен бөлісті. Оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, директорымыздың балалық шағы, өмір жолы мен ұстаздық қызметі туралы кеңірек танысты.
Жылы әрі шынайы әңгімеге толы кездесу оқушыларға мектеп басшысын жаңа қырынан танып, оның өмірлік тәжірибесінен тағылым алуға мүмкіндік берді.
Осындай кездесулер ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтып, жас ұрпақты білімді, еңбекті және ұстаз еңбегін құрметтеуге үндейді.
Ұстазға құрмет – білімге құрмет! 🌷

https://www.instagram.com/reel/Dd9g-tPTZw5/?stkn=ZTZlZTJxdDJsb3Zj

2
октября
2026

2026 жылғы 1 қазан – Қарттар күніне орай мектебімізде ардагер қызметкерлерімізге арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Қариясын қадірлеген елдің қазынасы мол. Үлкенге құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолын жас ұрпаққа үлгі ету – халқымыздан келе жатқан асыл дәстүр. Осы игі мақсатты арқау еткен мерекелік кешіміз ардагерлерімізге деген құрмет пен ыстық ықыласқа толы болды.
Мерекелік шара барысында мектебіміздің оқушылары, ата-аналар қауымы мен ұстаздарымыз өз өнерлерін ортаға салып, әсем ән мен күмбірлеген күй, әсерлі өнерлерін тарту етті. Сондай-ақ аудандық Мәдениет үйінің маманы Хабай Гүлім мерекелік кештің көркін қыздырып, әсем әнімен көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ардагерлерімізге жүрекжарды тілектер айтылып, олардың білім мен тәрбие саласына сіңірген еңбектеріне құрмет көрсетілді. Кеш қонақтары өнерпаздарға ақ баталары мен шынайы алғыстарын білдіріп, мерекелік шарадан ерекше әсер алды.
Қарттарымыз – өткеніміздің шежіресі, бүгініміздің берекесі, ұрпағымызға жол көрсетер даналықтың қайнар көзі. Олардың әрбір ақылы мен өнегелі өмір жолы – кейінгі буын үшін баға жетпес мұра.

https://www.instagram.com/reel/Dd9eBMPOvZ9/?stkn=MWFyczYwaWFjeGpicA==

2
октября
2026

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2026 жылғы 5 қазанда мектебімізде «Дублер күні» ұйымдастырылады!
Бұл күні оқушылар ұстаздардың рөлін атқарып, сабақ өткізуге және мектептегі ұйымдастырушылық жұмыстарға белсене қатысады.
«Дублер күні» – оқушыларға ұстаздық еңбектің жауапкершілігі мен маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін, ал оқушы мен ұстаз арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтатын ерекше күн.
Ұстаздық – үлкен жауапкершілік, зор еңбек пен жүрек жылуын талап ететін мәртебелі мамандық!
Баршаңызды «Дублер күніне» белсене қатысуға шақырамыз!

https://www.instagram.com/reel/Dd9PloFu5Ih/?stkn=MXU3NXU5MGpyem8zNA==

2
октября
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ұстаздар күні мерекесіне орай мектебімізде «Ұстазыңды құттықта» челленджі жалғасын табуда.
Челлендж аясында 10-сынып оқушылары аяулы ұстаздарына жүрекжарды тілектерін арнап, білім мен тәрбие жолындағы ерен еңбектері үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Ұстаз – шәкіртке білім беріп қана қоймай, оның бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, болашаққа бағыт-бағдар беретін қадірлі жан. Шәкірттің әрбір жетістігінің артында ұстаздың табанды еңбегі мен қамқорлығы жатыр.
Құрметті ұстаздар!
Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, шәкірттеріңіздің жетістігі мен ыстық ықыласына бөлене беріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!

https://www.instagram.com/reel/Dd9PXMBuunN/?stkn=ajJrZXA1MGtoMzVp

«ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА» ЧЕЛЛЕНДЖІ
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ұстаздар күні мерекесіне орай мектебімізде өтіп жатқан «Ұстазыңды құттықта» челленджіне 7 «Б» сынып оқушылары да белсене атсалысты.
Оқушылар аяулы ұстаздарын мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды тілектері мен шынайы алғыстарын білдірді. Ұстаздарға зор денсаулық, шығармашылық табыс, еңбектеріне жеміс пен шәкірттерінің биік жетістіктерін тіледі.
🌷 Ұстаз – шәкірт жүрегіне білімнің шырағын жағып, болашаққа жол көрсететін ардақты жан.
Құрметті ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіздің құрметі мен ыстық ықыласына бөлене беріңіздер!

https://www.instagram.com/reel/Dd9PazVOuWK/?stkn=cGk4aHJnNjZjeW54

 

© 2026. Все права защищены.