ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
2
октября
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ұстаздар күні мерекесіне орай мектебімізде «Ұстазыңды құттықта» челленджі бастау алды.
Аталған челленджге 9 «А» сынып оқушылары қатысып, ұстаздарына деген ыстық ықыластары мен ізгі тілектерін білдірді.
Челлендждің мақсаты – ұстаз еңбегін құрметтеу, шәкірттердің ұстаздарына деген алғысы мен сый-құрметін дәріптеу.
Ұстаздарымызға зор денсаулық, шығармашылық табыс пен шәкірттерінің биік жетістіктерін тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/Dd9PRJJOK-D/?stkn=Y3oxbjBnZmlyaW90

2
октября
2026

Ұстаздар күні қарсаңында мектебімізде оқушылардың ойы мен қиялына еркіндік беретін «Ашық микрофон» айдары ұйымдастырылды.
Оқушыларға екі қызықты сұрақ қойылды:
🎙️ «Егер мен директор болсам…»
🏫 «Мектепке не үшін келесің?»
Балалар өз ойларын ашық айтып, мектеп өміріне деген көзқарастарын еркін жеткізді. Бірі директор болса қандай өзгеріс енгізетінін айтса, енді бірі мектепке келуінің себебін шынайы әрі әсерлі жауаптарымен бөлісті.
Әр жауап — баланың өз әлемі, өз арманы мен көзқарасы. Балалардың дауысы — мектеп өмірінің маңызды бөлігі!
Ұстаздар күні құтты болсын! 🌷

https://www.instagram.com/reel/Dd6FHSeO1V3/?stkn=cWwzeWNsd2FpbWpw

2
октября
2026

Ұстаз – білімнің шамшырағы, шәкірт жүрегіне жол табатын аяулы жан. Ұстаздың әрбір сөзі – өнеге, әрбір берген білімі – болашаққа бастар жол.
Ұстаз еңбегі өлшеусіз. Себебі ұстаз тек білім беріп қана қоймай, шәкіртінің бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, үлкен өмірге бағыт береді.
Ұстазға деген құрмет – білімге деген құрмет!
Барша ұстаздарға шығармашылық табыс, мықты денсаулық және шәкірттерінің биік жетістіктерін тілейміз!

щщ1 щщ2

щщ3 щщ4

щщ5 

2
октября
2026

2026 жылғы 21 қыркүйекте мектебімізде білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Профилактикалық әңгіме жұмысын Шарбақты ауданы ПБ ҚҚТ ЮПТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Токпаева Мирамгүл Қалымқызы және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Данкина Нұргүл Қаршығақызы өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, белгіленген мектеп формасымен келу, сабаққа кешікпеу, оқу үдерісі кезінде ұялы телефонды пайдаланбау жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңнамада белгіленген талаптарды сақтауы, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстауы, айналасындағыларға құрметпен қарауы және қоғамдық тәртіпті бұзбауы туралы айтылды.
Әңгіме барысында мектеп мүлкіне ұқыпты қарау, бөтеннің мүлкіне зиян келтірмеу, құқықбұзушылық пен тәртіпсіз әрекеттерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау, көшеде және қоғамдық орындарда сақ болу, қауіпті жағдайлардан аулақ жүру және өз әрекеттеріне жауапкершіл�

https://www.instagram.com/reel/Ddooy_cAaWh/?stkn=MWJta2FuN2J1dm04Yw==

15
сентября
2026

14 қыркүйек күні мектебімізде 1–11 сынып оқушылары арасында еңбекқорлық, жауапкершілік және адалдық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған тәрбие сағаттары мен қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
🔹 1–4 сыныптар – «Еңбек пен жауапкершілік отбасынан басталады»
🔹 5–8 сыныптар – «Адал еңбек — лайықты адамның негізі»
🔹 9–11 сыныптар – «Еңбек — табыстың кілті»
Адал еңбек – жарқын болашақтың бастауы!

https://www.instagram.com/p/DdS90f4ADia/?stkn=dzMyMnBqeGV5ZGR6

14
сентября
2026

Отбасы күніне орай Ерлановтар отбасы «Отбасым 2026» челленджіне қатысып, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін бейнеролик ұсынды.
Сагидолда Ұлан Ерланұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің Шарбақты ауданындағы шекаралық бақылау бөлімінің бастығы қызметін атқарса, Жумасилова Меруерт Ерасылқызы Шарбақты аудандық ауруханасында дәрігер-нефролог, жалпы тәжірибелік дәрігер болып қызмет атқарады.
Отбасы – мейірім мен сүйіспеншіліктің, өзара құрмет пен қолдаудың мекені.
Ерлановтар отбасы «Отбасым 2026» челленджін келесі отбасына жолдайды!

https://www.instagram.com/reel/DdLUt1RggW3/?stkn=MXZwcjBrbWFwdTNkOQ==

https://www.instagram.com/reel/DdNyn07I7-n/?stkn=azlld3puajRsZzYy

https://www.instagram.com/reel/DdOQ3oJOy0m/?stkn=MWp2NjhhYnJiemZxdg==

https://www.instagram.com/reel/DdO8L6kAZ_Q/?stkn=cTBrcXZmZXI1ZnFo

14
сентября
2026

 2026 жылғы 11 қыркүйекте мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты нығайту және оқушылар мен педагогтердің спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Денсаулық күні» ұйымдастырылды.
«Денсаулық күні» іс-шарасының ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Айман Серихханқызы қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, денсаулықты сақтау, спортпен шұғылдану және белсенді өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.
Ашылу барысында оқушылар көңілді музыкамен фитнес жаттығуларын орындап, спорттық шараларға белсенді қатысуға жақсы көңіл күймен кірісті.
Шара барысында түрлі спорттық және сауықтыру шаралары өткізілді:
«Көңілді старт» эстафетасы;
футбол ойыны;
волейбол ойыны;
«Сау болу керемет!» суреттер байқауы.
Барлық іс-шаралар қызықты әрі көтеріңкі көңіл күйде өтті. Оқушылар мен педагогтер шапшаңдық, ептілік, төзімділік танытып, командалық бірлік пен өзара қолдаудың маңыздылығын көрсетті.
Әрбір өткізілген шараның қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды.
Денсаулық – зор байлық!
Спортты серік етіп, салауатты өмір салтын бірге қалыптастырайық!

https://www.instagram.com/reel/DdJjmv7AGLm/?stkn=MWdrMTN6M3JhcW1hbw==

© 2026. Все права защищены.