2026 жылғы 8 қыркүйекте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Отбасы: дәстүрден қазіргі заманға» тақырыбындағы апталық барысында мектебімізде «Ұрпақтар сабақтастығы – ұлт болашағы» атты тәрбиелік іс-шара подкаст форматында ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін айқындау, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, еңбекқорлық, мейірімділік пен жауапкершілік қасиеттерін оқушылардың бойына сіңіру.
Подкасттың қонақтары – отбасы мен қызметті қатар алып жүрген ардақты аналарымыз Жарова Ариана Жумагельдыевна және Шәріпқұлова Динара Жомартқызы. Қонақтар оқушылармен ашық әрі еркін форматта сұхбаттасып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Подкаст барысында отбасы мен жұмысты қатар алып жүру, балаға уақыт бөлу, бала тәрбиесіндегі маңызды құндылықтар, баланың қателігіне дұрыс көзқарас, білім мен еңбекке баулу, отбасындағы міндеттер мен дәстүрлер туралы тағылымды әңгіме өрбіді.
Ерекше бөлімде Динара Жомартқызы егіз қыздары Әлия мен Мәншүктің тәрбиесі, олардың мінез ерекшеліктері және егіз балаларды тәрбиелеудің қырлары туралы әңгімеледі.
Кездесудің тағылымды сәттерінің бірі – аналардың оқушыларға арнаған ақыл-кеңестері болды. Олар балаларды ата-ананы құрметтеуге, білімге ұмтылуға, еңбекқор, мейірімді болуға және өз армандарынан ешқашан бас тартпауға шақырды.
Оқушылар да өз отбасылары туралы жылы лебіздерін білдіріп, отбасының өз өмірлеріндегі орны мен маңызы туралы ойларымен бөлісті.
Қонақтарымызға уақыт бөліп, оқушылармен өз тәжірибелерімен бөлісіп, құнды кеңестері мен жүрекжарды тілектерін жеткізгендері үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!
https://www.instagram.com/reel/DdCOjlMuUma/?stkn=OWh5aDBycXJ6bm9o




