2026 жылғы 10 қыркүйекте Отбасы күніне орай «Атадан қалған асыл сөз» тақырыбында қыз балаларға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – әжелеріміздің өмірлік тәжірибесі мен өнегелі ақыл-кеңестерін қыз балаларға жеткізу, ұлттық тәрбиені дәріптеу және отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Дөңгелек үстел шай үстінде, еркін әрі жылы әңгіме форматында өтті. Әжелеріміз қыз балаларға қыз балаға тән әдептілік, инабаттылық, ұқыптылық, үлкенді сыйлау, өзін дұрыс ұстау туралы ақыл-кеңестерін айтып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында қыз балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әжелердің өнегелі әңгімелерін тыңдады.
Осындай жүрекке жылы кездесулер – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қыз балаларға ұлттық тәрбиені бойына сіңіруге үлкен ықпал етеді.
Әже сөзі – өнеге, әже тәрбиесі – ұрпаққа аманат!
https://www.instagram.com/reel/DdIfScDIbNl/?stkn=bGNib2UyeDQwMzk5




