ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
19
октября
2026

Мектебімізде мектеп президентін ұлықтау және 5-сынып оқушыларын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Бұл — оқушылардың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырып, ел болашағына деген сенімін нығайтатын маңызды қадам.
Жас көшбасшыларға сәттілік, жарқын жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/DegLU2WIyBy/?cplk=aWlueDEycTQ5OHQ2

19
октября
2026

2026 жылғы 9 қазанда мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында 9–11-сынып оқушыларына арналған «Мамандықтар әлемі» тақырыбында кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесуге оқушыларға әскери қызмет саласындағы мамандықтар туралы ақпарат беру және кәсіби бағыт-бағдар көрсету мақсатында Шарбақты ауданындағы «Дархан» шекара бөлімінің әскери қызметшілері арнайы келді:
Полковник -Нурманов Нургали Абдиалиевич;
Майор -Кенжебеков Мақсат Талғатұлы;
Капитан -Дінасилов Мейрлан Нұрланұлы;
Лейтенант -Орынбек Әділет Амангелдіұлы.
Кездесу барысында әскери қызметшілер оқушыларға шекара қызметінің ерекшеліктері, әскери мамандықтардың маңызы, әскери қызметке қойылатын талаптар, кәсіби даярлық және Отан алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар әскери мамандықты таңдаудың жауапкершілігі, тәртіп пен табандылықтың маңызы, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шекарашылардың рөлі кеңінен түсіндірілді.
Кездесу соңында әскери қызмет саласындағы мамандықтарға қызығушылық танытқан оқушыларымызбен жеке әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Әскери қызметшілер оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға кеңес берді.

https://www.instagram.com/reel/DeXSdoLOHwm/?rpxt=dDdkYzZ6YmR4Njli

9
октября
2026

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ — МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАДЫ! Бүгін мектебімізде оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесіндегі маңызды саяси науқан — Мектеп Президентін сайлау өтті.Сайлау нәтижесінде 9”б” сынып оқушысы Жанатбек Елшуақ мектеп Президенті болып сайланды!
Жаңа Президентімізге мектеп өмірін дамыту жолында сәттілік, белсенділік және жарқын бастамалар тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/DePfXCAO0qW/?psln=MWxpcWsxOHBrM2Nubw==

9
октября
2026

«АДАЛ АЗАМАТ» ЖӘНЕ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚҚА БІРГЕ ҚАДАМ!2026 жылғы 8 қазанда мектебімізде «Адал Азамат» және «Заң мен тәртіп» бағдарламалары аясында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған Бірыңғай профилактикалық күн ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, адалдық пен парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, қауіпсіз мінез-құлық пен салауатты өмір салтын насихаттау.
Бірыңғай күн аясында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес танымдық, тәрбиелік және спорттық іс-шаралар өткізілді.
«Қауіпсіздік әліппесі: ауладан интернетке дейін» атты танымдық викторинаға 5 «А», 5 «Б» сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға Шарбақты ауданы ПБ ҚҚТ ЮПТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Токпаева Мирамгүл Қалымқызы арнайы қатысып, оқушыларға жол қозғалысы ережелері, қоғамдық орындардағы тәртіп, интернет қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Танымдық викторина мектептің аға тәлімгері Шаку З. ұйымдастыруымен өткізіліп, оқушылардың қауіпсіздік ережелері жөніндегі білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
«Қозғалыс – өмір: дұрыс жолды таңда!» атты спорттық эстафетаға 6 «А», 6 «Б» сынып оқушылары белсенді қатысты. Мектептің спорт нұсқаушысы Досымханов Т.Е. мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен жарыста оқушылар ептіліктерін, шапшаңдықтарын және командалық бірліктерін көрсетті. Спорттық шара арқылы салауатты өмір салтын ұстанудың, бос уақытты тиімді өткізудің және дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығы насихатталды.

 

«Менің денсаулығым – менің жауапкершілігім: жеке шекаралар және қауіпсіздік» тақырыбында 9 «А», 9 «Б» сынып оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Кездесуге денсаулық сақтау саласының маманы, дәрігер-терапевт Нұрқайларова Гүлден Ғалымқызы қатысып, денсаулықты сақтау, жеке гигиена, зиянды әдеттердің алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәселелері жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, мектеп психологі Смайлова А.С. жеке шекараны сақтау, қауіпсіздік ережелерін ұстану және өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
«Заң іс жүзінде: сенің құқықтарың және нақты жауапкершілігің» тақырыбында 10–11 сынып оқушылары арасында дебат турнирі ұйымдастырылды. Тарих пәнінің мұғалімі Абдугалиева А.А. ұйымдастыруымен өткен пікірсайыста оқушылар жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік және құқықтық мәдениет мәселелерін талқылады. Қатысушылар өз көзқарастарын дәлелдермен жеткізіп, сыни ойлау, пікір алмасу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын көрсетті.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға, қауіпсіз білім беру ортасын нығайтуға, өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениетін дамытуға бағытталды.
Жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығы мен денсаулық мәдениетін арттыруға үлес қосып, тағылымды кездесулер өткізген полиция аға лейтенанты Токпаева Мирамгүл Қалымқызына және дәрігер-терапевт Нұрқайларова Гүлден Ғалымқызына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Заңды құрметтеу – саналы азаматтың міндеті, адалдық – жарқын болашақтың негізі!
Адал азамат – әділетті қоғамның тірегі, қауіпсіз болашақтың кепілі!

https://www.instagram.com/reel/DePN7hZOgez/?exln=MXhibHJ1bDdwbTVlaA==

9
октября
2026

2026 жылғы 5 қазанда мектебімізде Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті.
Мерекелік шара әсем ән мен биге, жүрекжарды тілектер мен ерекше көңіл күйге толы болды. 7 «Б» сынып оқушылары көрермендерге әсем биін тарту етсе, 11-сынып оқушылары гитараның сүйемелдеуімен «Ұстазыма алғыс» әнін орындады.
4 «Б» сынып оқушысы Мәндібаяр Д. ұстаздарға арнаған әнін шырқап, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Кешіміздің арнайы қонағы – аудандық Мәдениет үйінің әншісі ұстаздар қауымына әсем әнін арнады.
Мектебіміздің түлегі Кабдулинова А. ұстаздарға арналған әсерлі өлең жолдарын оқып, өзіне білім мен тәрбие берген ұстаздарына гүл шоқтарын табыстады.
Мерекелік шара аясында оқу-тәрбие үдерісін дамытуға қосқан елеулі үлесі, кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегі үшін 25-ке жуық педагог марапатталды.
Сонымен қатар ұстаздарға қазіргі заманға сай қызықты сұрақтар қойылып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ерекше сәттер ұйымдастырылды.
Кеш соңында кәсіподақ ұйымы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, сыйлықтарын табыстады.
Ұстаз – шәкірт жүрегіне білімнің шырағын жағып, өмірге бағыт беретін ардақты жан. Барша ұстаздарымызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, еңбектеріне жеміс және шәкірттерінің биік жетістіктерін тілейміз!
Ұстаздар күні құтты болсын!

https://www.instagram.com/reel/DeKQLjpusvu/?srtk=dnByYTB6enFjZGZ0

9
октября
2026

Ұстаздар күні құтты болсын! Кәсіподақ ұйымы барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!
Ұрпақ тәрбиесі жолындағы еңбектеріңізге зор алғысымызды білдіреміз. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт, мол күш-қуат және еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!
Әр шәкірттің жетістігі сіздерге қуаныш сыйлап, еңбектеріңіз әрдайым құрмет пен алғысқа бөлене берсін!
Ұстаздық жолдарыңыз абыройлы, еңбектеріңіз жемісті болсын!
Мерекелеріңізбен, құрметті ұстаздар!

ұлым1

https://www.instagram.com/p/DeHr20dDoqc/?srtk=MW5kZWtqOThyenQzNw==

9
октября
2026

2026 жылғы 5 қазанда мектебімізде «Дублер күні» ұйымдастырылды.
Бұл күні жоғары сынып оқушылары ұстаздардың орнын басып, мұғалім рөлін атқарды. Олар сабақ өткізіп, ұстаздық қызметтің жауапкершілігі мен маңызын сезіне білді.
«Дублер күні» оқушыларға өздерін жаңа қырынан танытып, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен жауапкершіліктері үшін алғыс білдіреміз!

https://www.instagram.com/reel/DeHrRucudET/?psln=bXZsMWo0aWdzOHJl

9
октября
2026

Абай Құнанбаев атындағы мектептің аяулы түлектері ардақты ұстаздарына деген ыстық ықыласы мен шынайы алғысын жолдайды.
Ұстаз — әр шәкірттің жүрегінде мәңгі сақталатын ерекше тұлға. Бізге білім беріп, бағыт-бағдар көрсетіп, үлкен өмірге қанат қақтырған ұстаздарымызға мың алғыс!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!
Әр шәкірттің жетістігі сіздер үшін үлкен қуаныш болсын!

https://www.instagram.com/reel/DeHZkhTumFH/?rpxt=MWg0azNub3o4bmxkMQ==

© 2026. Все права защищены.