Биылғы оқу жылында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға мемлекет тарапынан және демеушілердің қолдауымен кешенді көмек көрсетілді.
Мемлекет тарапынан 35 отбасының 81 оқушысына мектепке қажетті оқу құралдарын алуға қаржылай көмек көрсетілді. Әр балаға 62 534 теңгеден, жалпы 5 065 254 теңге көлемінде қаражат бөлінді. Аталған мемлекеттік қолдау оқушыларды жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, ата-аналарға үлкен қолдау болды.
Акция аясында аудандық «Нұрана» қоғамдық бірлестігінің аналары мен бірлестік төрайымы А.С. Смаилова да игі бастамадан шет қалмай, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға өз көмектерін көрсетті.
Сонымен қатар, көші-қон бағдарламасымен келген 11 оқушыға облыстық мәслихат депутаты В.В. Соломкин тарапынан қаржылай және материалдық көмек көрсетілді.«Дархан» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері де қайырымдылық шарасына белсенді атсалысып, балаларға қажетті заттармен қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты.
Жеке кәсіпкерлер «Айткулова», «Қарашаш», «Ерматов», «Шоев» өз қаражаттары есебінен оқушыларға мектепке қажетті кеңсе тауарлары мен киім-кешектер алып беріп, балаларға қуаныш сыйлады.





