Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру «Жаншуақ» лагерінде
«Шабыт жобасы» аясында «Disko Dango» атты хореографиялық
шара ұйымдастырылып өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,
би өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық
талғамын қалыптастыру және белсенді демалысын тиімді ұйымдастыру.
Іс-шара барысында лагерь тәрбиеленушілері заманауи әуендер
ырғағымен түрлі би қимылдарын орындап, топтық және жеке билер көрсетті.Балалар би сайыстарына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Шара көңілді атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй
сыйлады. Нәтижесінде оқушылардың өзіне деген сенімділігі
артып, шығармашылық белсенділігі мен ұжымда жұмыс жасау
дағдылары нығайды. «Disko Dango» хореографиялық
шарасы тәрбиеленушілердің бос уақытын мазмұнды өткізуіне және
салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосты.
https://www.instagram.com/reel/DZZqS4fuLsI/?igsh=eTVrMmR3bjdiODNq




