10-маусым күні мектеп психологінің ұйымдастыруымен «Шаттық алаңы» жобасы аясында мектеп жанындағы бейіндік лагерьде «Менің эмоцияларым» тақырыбында психологиялық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың эмоциялар туралы түсініктерін кеңейту, жағымсыз сезімдерді қауіпсіз жолмен шығаруға үйрету, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту және «Мен-хабарлама» әдісін меңгерту болды.
Іс-шара барысында оқушылар «Көңіл күй термометрі» жаттығуы арқылы өз сезімдерімен бөлісіп, «Ашуын басқаруды үйренген бұлт» ертегісін тыңдап, эмоцияларды басқару жолдарын талқылады. Сонымен қатар «Менің эмоцияларым» ойыны мен «Қағазды мыжу» жаттығулары арқылы жағымсыз сезімдерден арылу тәсілдерін тәжірибеде қолданды. «Мен-хабарлама» әдісі арқылы өз сезімдерін дұрыс жеткізуге машықтанды.
https://www.instagram.com/reel/DZerrICOe_v/?igsh=MWY4MmI3ejE1d3Zmcg==




