ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

2026 жылғы 22 сәуір күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, аудандық мұражай қызметкерлерімен бірлесіп, қыз балаларға арналған «Атадан өсиет – анадан қасиет» тақырыбында тағылымы мол шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараға арнайы шақырылған қонақ – қолөнер шебері, ардақты ана Құсанқызы Бердіғұл ұлттық өнердің қыр-сырын кеңінен таныстырып, қыз балаларға сырмақ жасау, ою-өрнек ойып, кесте тігудің әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Шебер өз сөзінде қазақ халқының қолөнері тек әсемдік қана емес, сонымен қатар тәрбиенің, сабыр мен ұқыптылықтың мектебі екенін ерекше атап өтті.
Оқушылар шебердің әрбір жұмысын қызығушылықпен бақылап, өз қолдарымен жасап көруге мүмкіндік алды. Әсіресе, ұлттық ою-өрнектердің мән-мағынасы мен олардың тұрмыстағы орны туралы айтылған мәліметтер оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
Шара барысында қыз балалар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, алған әсерлерін ортаға салды. Көпшілігі ұлттық қолөнерге деген қызығушылығы артқанын айтып, осындай тағылымды кездесулердің жиі ұйымдастырылуын қалайтындарын білдірді.
Аталған шеберлік сағаты оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, қыз балалардың бойына іскерлікті дарыту.

https://www.instagram.com/reel/DXecTHpCLKT/?igsh=aXdybngwN2pxdnQz

© 2026. Все права защищены.