ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

2026 жылғы 20 сәуірде оқушылармен кезекті саптық жиын өтіп, өткен апта қорытындыланды. Жиын барысында оқушылардың жетістіктері мен белсенділігі атап өтіліп, бірқатар маңызды іс-шаралар бойынша ақпарат берілді.
Кезекшілік қызметін атқарған сыныптарға алғыс білдіріліп, өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны үшін ризашылық айтылды. Келесі кезекшілік тобы өз міндеттерін қабылдап, жұмысын бастады.
Сонымен қатар, алдағы мамыр айындағы мерекелік іс-шаралардың жоспары әзірленіп, сынып жетекшілеріне таныстырылды.
Саптық жиын барысында оқушыларға мектепішілік тәртіп ережелерін сақтау бойынша ақпараттық түсіндірме берілді. Атап айтқанда:
– сабаққа кешікпеу және уақытында келу;
– мектеп формасын сақтау;
– ішкі тәртіп ережелерін қатаң ұстану;
– жол жүру ережелерін сақтау;
– велосипедтерді арнайы белгіленген орындарға қою;
– мектепке кірген кезде амандасу, әдеп нормаларын сақтау.
Оқушыларға бұл талаптардың барлығы тәртіптілік пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталғаны түсіндірілді.
Бірлік пен еңбектің нәтижесі – биік жетістікке жетелейді!

https://www.instagram.com/reel/DXZL9tgCG8f/?igsh=MTVpbnFpYzhiajQxaQ==

© 2026. Все права защищены.