Жазғы академия шеңберінде балалар мен жасөпірімдерді психологиялық қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Шаттық алаңы» жобасы аясында 3-маусым күні Шарбақты ауданы Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ жанынан құрылған бейіндік лагерінде және «Жаншуақ» лагерінде «Жүрегімдегі жылу» тақырыбында психологиялық тренингтер мен ойындар өткізілді. Балалардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру, жанашарлық сезімдерін дамыту, бір-бірлеріне тілеулестік сезімдерін ояту мақсатында «Көңілді сәлемдесу», «Достық өрмекшісі», «Хи-ха-хо», «Мен саған жылу жолдаймын» тренингтері өткізіліп, «Біздің достық мекеніміз» тақырыбында балалар бірлесе сурет салды.
https://www.instagram.com/reel/DZJZ7IDoJOa/?igsh=cjRuMnFydWdnM3R3




