ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

2026 жылғы 21 қазанда мектебімізде 7–10 сынып оқушылары арасында «Алтын күз – 2026» атты дәстүрлі «Күзгі бал» мерекелік сайысы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, сахна мәдениетін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және күз мезгілінің әсемдігін насихаттау.
Мерекелік сайыс 4 кезең бойынша өткізілді:
І кезең – «Таныстыру – өнер бастауы»
Қатысушылар өздерін ерекше шығармашылық тәсілдермен таныстырып, сахнадағы өнерлері мен тапқырлықтарын көрсетті.
ІІ кезең – «Өнерлі өрге жүзер»
Оқушылар ән айтып, би билеп, түрлі өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
ІІІ кезең – «Күз кереметі – сән әлемінде»
Қатысушылар күзгі табиғаттың әсемдігін бейнелейтін ерекше сән үлгілерін ұсынып, шығармашылық шеберліктерін танытты.
IV кезең – «Берекелі күз – мол дастархан»
Қатысушылар күзгі молшылық пен берекені бейнелейтін дастархандарын ұсынып, олардың ерекшеліктері мен безендірілуін таныстырды.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Гран-при – 10-сынып оқушылары;
І орын – 9 «Б» сыныбы;
ІІ орын – 9 «А» сыныбы;
ІІІ орын – 7 «Б» сыныбы.
Арнайы номинациялар:
«Ең ерекше күзгі образ» – 8 «А» сыныбы;
«Көрермен көзайымы» – 8 «Б» сыныбы.
Мерекелік сайыс оқушылардың өнерін шыңдап, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұйымшылдыққа және өзара қолдау көрсетуге бағытталған ерекше іс-шара болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Сайысқа қатысқан барлық оқушыларға, қолдау көрсеткен ата-аналар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз!
Алтын күз әр шаңыраққа береке, молшылық пен қуаныш әкелсін!

https://www.instagram.com/reel/DfOY9EAoUuP/?obrf=MWQyYnZyM2ZpcnBlcQ==

© 2026. Все права защищены.