Республика күнін мерекелеу жоспарына сәйкес «Туған елім – жыр мекенім!» атты патриоттық мәнерлеп оқу челленджі аясында 5 «А» сынып оқушысы Қайыртас Нұрасыл ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп оқып, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін жеткізді.
Челлендждің мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған жерге деген құрметті арттыру, мемлекеттік тіл мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, болашағы жарқын болсын! Көк байрағымыз мәңгі желбірей берсін!
Республика күні құтты болсын!
https://www.instagram.com/reel/De7kp5sOsBp/?dlrf=MTdhOXFwNzA3aG9jNg==




