ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
29
декабря
2025

2025 жылғы 03–04 желтоқсан күндері 7–8 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, пәндік дағдыларын дамыту және дарынды балаларды қолдау.
Аталған білім сайысына мектебімізден 20 оқушы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Нәтижесінде 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды:
І орын:
• Оспанова Айлин (Қазақстан тарихы)
• Смаилов Ильяс (ағылшын тілі)
• Машимова Айым (орыс тілі мен әдебиеті)
• Керей Алуа (орыс тілі мен әдебиеті)
ІІ орын:
• Жанатбек Елшуақ (қазақ тілі мен әдебиеті)
ІІІ орын:
• Баймухамбет Ақниет (физика)
Жеңімпаздарымызды және оларды дайындаған ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы сайыстарда сәттілік тілейміз!

лллла

29
декабря
2025

2025 жылғы 11–12 қараша күндері 5–6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
Аталған олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру, ғылыми білімді насихаттау, дарынды оқушыларды анықтау және оларды келесі кезеңдерге даярлау.
Олимпиадаға мектебімізден 23 оқушы қатысып, жоғары білім деңгейін көрсетті. Қорытындысы бойынша 17 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
І орын иегерлері:
Қуатәлі Нұрсылан (Қазақстан тарихы), Курмашев Айбар (жаратылыстану), Нурдыбек Әмір (математика), Макишева Айжулдыз (орыс тілі мен әдебиеті).
ІІ орын иегерлері:
Бектемирова Алана (орыс тілі мен әдебиеті), Болатжан Меруерт (қазақ тілі мен әдебиеті), Хамит Жансая (Қазақстан тарихы).
ІІІ орын иегерлері:
Буркутбаева Даяна, Кенжебай Ақманай (қазақ тілі мен әдебиеті), Зинатұлы Али, Жамихат Нұрлыжол (ағылшын тілі), Жаров Нұралы (Қазақстан тарихы), Баделхан Нұрсұлтан, Ырысбек Даурен (жаратылыстану), Мақашов Нұрислам (математика), Курмангазина Айерке, Мұхтар Інжу (орыс тілі мен әдебиеті).
Барлық жеңімпаздарды және оларды дайындаған ұстаздарды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз! 

лллл

25
декабря
2025

Жас ұлан» КВН командасы аудандық деңгейде өткен КВН сайысына қатысып, жоғары дайындық пен шығармашылық шеберліктің арқасында жүлделі III орынды иеленді. Команда мүшелері тапқырлықтары мен ұйымшылдығын көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының оң бағасына ие болды. 

жас1

12
декабря
2025

2025 жылғы 5 желтоқсанда Шарбақты ауданының білім беру мекемелері арасында Ұлттық мектепішілік лига аясында, тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Жарысқа ауданға қарасты 7 ауылдан 7 команда қатысып, оқушылар өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті.
5–6 сынып оқушылары арасында өткен жарыста
Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ командасы I орынды жеңіп алды.
Команда құрамында:
Қуанышұлы Өміртай
Құрмашев Айбар
Балагазина Зура
Айтбай Үкіліай
7–8 сынып оқушылары арасында өткен командалық жарыста да
Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ командасы тағы да I орынға ие болды.
Команда құрамында:
Қуанышұлы Нартай
Айдос Нұрсұлтан
Сансызбаева Әдина
Серік Нұрсәуле
Екі команда да облыстық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаз оқушыларымызды және жетекшісі Жұмадиров Т.М. жеңістерімен құттықтаймыз! 

ай1

12
декабря
2025

2025 жылғы 28 қарашада Ұлттық мектепішілік лига аясында шахматтан аудандық турнир өтті. Аталған жарысқа ауданның білім беру мекемелерінен 10-нан аса команда қатысты.
Зияткерлік сайыс нәтижесінде Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ командасы III орынды жеңіп алып, үздік үштіктен лайықты орын алды.
Команда құрамында:
1. Қуанышұлы Өміртай
2. Құрмашев Айбар
3. Нұрдыбек Әмір
4. Хамит Жансая
Оқушылар өз білімдері мен ойын стратегияларын сауатты қолданып, мектеп абыройын асқақтатты.
Жеңімпаздарды және олардың еңбектеріне бағыт-бағдар берген жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!

Болашақта да жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз. 

тум1

12
декабря
2025


Бүгін біз үшін ерекше қуанышпен бөлісетін күн!
 «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының облыстық кезеңінде
«Туризм және спорт» бағыты бойынша
ІІІ дәрежелі диплом иегері атанған —
 Шарбақты ауданы, Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта мектептің 5-сынып оқушысы — ЖАРОВ НҰРАЛЫ!
Бұл жетістік — талмай ізденудің, еңбектің және өзіне деген сенімнің нәтижесі.
 Ерекше алғыс — шәкіртін шабыттандырып, бағыт-бағдар берген ұстазы
Абдугалиева Айнаш Айтбаевнаға!

тум2

2
декабря
2025

 Бүгін мектебіміздің оқушысы мен мұғалімнің еңбегінің тағы бір нәтижесімен қуана бөліскіміз келеді.
«Зерде» зерттеу және шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңінде I-ші орын иеленген Жаров Нұралы
Жетістікке – жол көрсеткен ұстазы Абдугалиева Айнаш Айтбаевна 

ералы2

15
ноября
2025

Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Радат Алмаз «Менің кіші Отаным» республикалық байқауының облыстық кезеңінде III орын иегері атанды! 🏅

Бұл байқаудың басты мақсаты – оқушыларды туған жерінің тарихы мен мәдениетін терең танып, ел дамуына өз үлесін қосуға ынталандыру. 🌍💙

Алмаз өз жобасында туған өлкесінің бай мұрасын, Ертеңгі менің өлкем болашақ жобасы атты номинациясына қатысты. Бұл жетістік – оның еңбегі мен талпынысының нәтижесі! 👏

Мектеп ұжымы Радат Алмазды лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтайды! Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыра бер!

алмаз

© 2026. Все права защищены.