ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

11 жыл бойы білім нәрін сіңіріп, балалық шағын білім ордасында алаңсыз өткізген жас түлектер алтын ұясымен қоштасты. «Әліппеден» бастап, өмір заңдылықтарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу сәті көңілге қимастық сезімін ұялатты. Соңғы қоңырау соғылған күні түлектердің болашағына ақ жол тілеп, қолдау білдірудің мәні жоғары. Осындай әсерлі салтанатты іс-шара Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беру мектебінде өтті. Әсем безендірілген білім ордасының ауласына жиналған 19 ұл-қыз үлкен өмірге қанат қақты. 32-інші түлектердің сынып жетекшісі, білікті ұстаз – Ерболат Дәлелханұлы. Биыл 9 сыныпты да 19 оқушы тәмамдап отыр. Бұл екі сыныпқа Айжамал Мадатқызы мен Тұмар Маралұлы жетекшілік етті.
Іс-шарада сөз алған мектеп директоры Нұрмира Өміржанқызы алтын ұядан ұшқалы тұрған мектеп бітірушілерге ақжолтай тілегін арнап, ұстаздарды мерекемен құттықтады. - Мектебіміз оқу жылын табысты аяқтады. Оқушыларымыз білім жолында жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Биыл 59 шәкірт білім үздігі, 132 оқушы екпінділер қатарынан көрінді. Білім сапасы көрсеткішінің 70,5 пайыз болуы өнімді еңбектің нәтижесі екені анық. Ал мектеп бітірушілер үшін алтын ұямен қоштасу ерекше күн. Алдағы өмірлеріңізде еңбекқорлықтарыңыз бен білімдеріңіз сіздерді әрқашан биікке жетелей берсін. Біз сіздерді әрқашан мақтан тұтып жүрейік! Ұлттық бірыңғай тестілеуде мерейімізді үстем етеді деп сенім білдіремін,-деді мектеп басшысы Нұрмира Жакупова.Шарбақты ауданы
Полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы
полиция подполковнигі
Алмас Баймбет те шәкірттерге сәттілік тіледі.
– Білім мен тәрбиенің қасиетті ордасында тағы бір оқу жылы қорытындыланды. Мектептегі сәттер – жүректе қалатын жылы естелік. Үлкен өмірге қанат қаққалы тұрған жастардың қадамы құтты болсын! Қанаттарыңыз ешқашан талмасын! Ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың үмітін ақтаңыздар! Әрдайым жолдарыңыз ашық болып, арман-мақсаттарыңызға жете беріңіздер!-деді Алмас Айтмухаметович Баймбет.
Ата-аналардың атынан сөз алған аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлмира Смайлханова да шәкірттердің жетістігі ұстаздардың еңбегі екенін айтты. Түлектерге білім жолында ақ жол тіледі.
Одан кейін мектеп бітіруші шәкірттердің алғашқы ұстаздары Гүлдана Қалыбекқызы мен Гүлден Әлиқызы шәкірттеріне жүрекжарды жылы лебізін білдірді. Ұстаздар оқушылардың мектепке келген сәтінен бастап естеліктерді еске түсірді. Балалық шаққа саяхат жасап, аңғал күлкі, қолға қалам ұстаған сәт, білім нәрімен сусындаған күн – бәрін айтып берді. ҰБТ-да жоғары ұпай жинап, қалаған оқуға түсіп, мықты маман болуларына тілектестігін білдірді.
Оларға ризашылық ретінде 4 «а» сынып оқушылары Мөлдір Тоқтамыс пен Нұркелді Бағдатұлы әдемі ән орындады. Мұнан соң мектеп директоры Н. Жакупова оқу үздіктерін марапаттады. Түлектер Алтынай Тоқтамыс пен Сәттігүл Исабек «Соңғы қоңырау» әнін көпшіліктің назарына ұсынды.
1 сынып оқушылары Асылай Айтпай, Наргиз Баисова, Таңиіс Қаңтарбай, Айлин Тайтелі жыр шумағын арнап, ыстық лебіздерін білдірді. Салтанатты іс-шара әсем әуен ырғағымен вальс биімен жалғасты.
Ал 1 сыныптың үздік оқушысы Кәусар Оразбек және 11 сыныптың түлегі Эльдар Гостишев қоңырау соқты.
Бұл – жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жетістіктерге бастайтын жолдың бастауы. Абай есімін иеленген білім ордасының жеткен жетістіктері аз емес. Биыл мектеп бітірген 19 түлектің 1-і «Алтын белгіге», 3-і үздік аттестатқа үміткер.
Түлектерді алда нағыз білім бәсекесі – ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр.

© 2026. Все права защищены.